Биологияны кіріктіріп оқытудағы жаңа педагогикалық технологиялар
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті маман
дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,
қастерлеу, арындай таза ұстау әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін,
барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа
формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
тұрақты өзін — өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан
шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері
арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын
талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби
шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
41
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру –
қазіргі заман талабы. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық –
коммуникациялық
технологиялардың
маңызы
зор.
Білім
беруді
ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту
мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы
кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау
оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру
процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген
жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай,
өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне
қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру
мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін
түрлендiрудi талап етеді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен
ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық
бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Биология сабақтарында кіріктіріп оқытуда ақпараттық — коммуникациялық
технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды
түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі
тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Оқытушы
сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану
арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық —
коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі
42
деп ойлаймын.Мысалы 8 сыныпта «Жүрек жұмысы» тақырыпты сабақта
explorer GLX құралдарын пайдалану арқылы оқушы танымдығы, қолданбалы
дағдылыры жақсы қалыптасады. Оқушылар жүрек кардиограммасын анықтау
арқылы әр түрлі сусындардың адам ағзасына әсерін талдау арқылы, қай
сусынды ішуге болатындығын, қайсысы адам ағзасына зиян келтіретіні
туралы білімдерің кеңейтеді.
«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде
қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері,
ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды
жан — жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар
қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық —
аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ —
ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың
жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық
ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау
құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен
құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер,
жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін
қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану,
қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету,
салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу
қасиеттерін дамыту;
Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және
үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ
уақыттық есте сақтау).
43
Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив
оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны
меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу
үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс — әрекетін
ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің
тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру
оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер
оқушылардың жемісті және тиімді іс — әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді
түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне
видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль — сабақ, саяхат — сабақ және т. б.
жатқызуға болады.
Жаңа АКТ — ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл — ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс — әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан — жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ — ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің
өмірлік іс — әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде
пайдаланатын жан — жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ
— ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі
заман талабына сай АКТ — ны, электрондық оқулықтарды және Интернет
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық
қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ — ны сабақта пайдалану кезінде
оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық
тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу
барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының
артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен
берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу
мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу
қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу
оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі
орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай — ақ,
44
АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс —
әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде
болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты
баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді
болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып
презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш
— карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео — сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу
құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына
және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан
оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік,
дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса,
екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы
сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео — сабақтар педагогикалық
технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты
теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы
қабылдайтынын жақсы білеміз.
Биология пәнінде пәнаралық байланыс зертханалық жұмыс арқылы теорияны
практикамен ұштастыруда оқушылардың алдын-ала берілген тапсырма
бойынша дайындалған хабарламалары тақырып мазмұнын жете алуға
мүмкіндік береді. Сондай-ақ сурет, жұмбақ, лабиринтті сөздіктерді
пайдалану оқушылардың логикалық ойлауын дамыта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |