Биология тест тапсырмалары жинағы



бет5/20
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34253
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Вариант 5

1. Гүл күлтеріне, піскен жемістерге қызыл, сары түс беретін пластидтер:


А) Хлоропластар D) Вакуоль
В) Хримопластар Е) Лейкопластар
С) Митохондриялар
2. Сабақтың әр буынында бір жапырақ қана болған жағдайдағы жапырақтың орналасуы:
А) Қарама-қарсы D) Кезектесіп
В) Жеке Е) Топтанып
С) Буынды
3. Генеративті мүше:
А) Сабақ D) Жапырақ
В) Гүл Е) Тамыр
С) Өркен
4. Айқышты өрмекшінің аяқтарының саны:
А) Екі жұп D) Үш жұп
В) Төрт жұп Е) Бес жұп
С) Алты жұп
5. Жануарлардың өлекселері, өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін бактериялар:
А) Автотрофтылар D) Консументтер
В) Сапрофиттер Е) Паразиттер
С) Продуценттер
6. Оңтүстіказиялық тропиктік орталық отаны болып саналады:
А) Өріктің D) Қызылшаның
В) Күріштің Е) Картоптың
С) Қарақұмықтың
7. Жапырағы қауырсын тәрізді күрделі раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдік:
А) Таңқурай D) Итмұрын
В) Қазтабан Е) Алма
С) Шие
8. Паразит құрттарды зерттеумен айналысатын ғылым:
А) Бриология D) Микология
В) Палеонтология Е) Гистология
С) Гельминтология
9. Тағам ретінде пайдаланатын қосжақтаулы былқылдақдене:
А) Ұлулар D) Мидия
В) Жалаңаш шырыш Е) Кемеқұрт
С) Айқұлақ
10. Қандауыршаның орталық жүйке жүйесінің қызметін атқарады:
А) Жүйке түйіндері D) Жүйке түтігі
В) Жұтқыншақ маңы түйіндер Е) Көлденең жүйкелер
С) Бас миы
11. Қытай – Малай орталығы отаны болып саналады:
А) Иттердің D) Ешкілердің
В) Сиырлардың Е) Түйелердің
С) Ламалардың
12. Қаңқа еттерін қызметін реттейді:
А) Вегетативті жүйке жүйесі D) Парасимпатикалық жүйке жүйесі
В) Соматикалық жүйке жүйесі Е) Шеткі жүйке жүйесі
С) Симпатикалық жүйке жүйесі
13. Симпатикалық вегетативтік ядро орналасады:
А) Үлкен ми сыңары қыртысында D) Мишықта
В) Сопақша мида Е) Жұлында
С) Ортаңғы ми
14. Оқу кезінде кітап көзден мынадай қашықтыққа алыс болуы тиіс:
А) 20-25 см D) 35-40 см
В) 25-30 см Е) 40-45 см
С) 30-35 см
15. Қаңқаның дұрыс дамуына әсер ететін дәрумен:
А) А D) С
В) В6 Е) Д
С) В12
16. Организмнің антиденені жасау қабілеттілігі организмде қалыптастырады:
А) Тромб түзелуден сақтауды D) Фибриннің фибринге айналуы
В) Ішкі ортаның тұрақтылығын Е) Протромбиннің тромбинге айналуы
С) Иммунитетті
17. Альвеолалардан тұратын тыныс алу мүшесі:
А) Жұтқыншық D) Кеңірдек
В) Көмекей Е) Танау қуысы
С) Өкпе
18. Тістің кіреуке қабатында пайда болған жарыққа іріңнің пайда болуы:
А) Пульпит D) Парадонтит
В) Стоматит Е) Парадонтоз
С) Тіс шірімесі
19. Бүйрек каналдарының юкстагломерулярлы жасушалары ренин нәруызын бөледі, ол:
А) Улы заттарды шығарады D) Реттеу функциясын атқарады
В) Қан түзеді Е) Қан қысымын реттеуге қатысады
С) Рефлекторлық функция атқарады
20. Адам организмінде ультракүлгін сәулелердің әсерінен түзіледі:
А) Д витамині және пигмент меланин D) Мейснер денешесі
В) Тері асты шел қабаты Е) Қоректену үшін органикалық заттар
С) Эпидермис клеткалары
21. ДНК молекуласында жазылған ақпаратты рибосомаға жеткізуші:
А) Цитоплазма D) Хромосома
В) Ақпараттық РНҚ Е) Гольджи аппараты
С) Тасымалдаушы РНҚ
22. Өздігінен ұрпақ шығаруға және дамуға қабілетті ұсақ биологиялық жүйе:
А) Клетка D) Популяция
В) Ұлпа Е) Түр
С) Организм
23. Түрдің тарихи дамуы
А) Онтогенез D) Гаметогенез
В) Филогенез Е) Метаморфоз
С) Сперматогенез
24. Тұқымқуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде ұзақ уақыт бойы жүретін
процесс:
А) Биологиялық прогресс D) Ароморфоз
В) Биологиялық регресс Е) Метаморфоз
С) Морфологиялық прогресс
25. Аллельді гендері екі түрлі (Аа) организм гепатиті:
А) Гоиозигота D) Доминатты
В) Гетерозигота Е) Рецессивті
С) Гетерогаметалы
26. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың бағалы қолтұқымдарын және
микроорганизмдердің қажетті штаммаларын шығару туралы ғылым:
А) Генетика D) Селекция
В) Физиология Е) Эмбриология
С) Ценология
27. Көбею нәтижесінде уақыт бірлігіне пайда болған жаңа особьтардың (даралардың) саны:
А) Саны D) Өлім
В) Тығыздығы Е) Өсім
С) Туылым
28. Жануарларды еліктіретін өсімдіктердің бөліп шығаратын заттары:
А) Консументтер D) Антрактанттар
В) Продуценттер Е) Репелленттер
С) Редуценттер
29. Тірі организмдерде жиі кездесетін химиялық элементтер:
А) Биогенді элементтер D) Ультрамикроэлементтер
В) Макроэлементтер Е) Мезоэлементтер
С) Микроэлементтер
30. Биосфераның қатты қабаты:
А) Атмосфера D) Гидросфера
В) Тропосфера Е) Литосфера
С) Стратосфера


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет