«биология»


Сабақ мазмұны мен кестесі



бет2/10
Дата21.04.2017
өлшемі0,84 Mb.
#14319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақ мазмұны мен кестесі



1 апта

1кредит сағат

Дәріс 1

Тақырыбы: Кіріспе. Органикалық химия пәні.

Химиялық байланыстың электрондық теориясы


Дәріс мазмұны: Квантхимиялық ұғымдар мен зерттеудің физика-химиялық әдістерінің органикалық химияның дамуына ықпалы. Иондық және ковалентті байланыс. Семиполярлық байланыс- ковалентті және иондық байланыстардың комбинациясы. Сутектік байланыс туралы түсінік. Ковалентті байланысты кванттық-механика тұрғысынан тусіндіру.

Льюистің октет формулалары. Молекуладағы атомдардың тиімді және формальді зарядтары туралы тусінік. Изоэлектрондық құрылымдар туралы тусінік.



Әдебиет:

1.Ибраев М.И., Сарманова К.А. Органикалық химия негіздері: көмекші құрал.-Алматы: Рауан, 1990.-168 бет.



  1. Нейланд О.Я. Органическая химия.-М.:Высш. школа,1990.-751 с.

  2. Несмеянов А.Н., Несмеянов Н.А. Начала органической химии. Кн.1,2.-Изд.2-е.-М.:Химия,1974.-624 с.

  3. Патсаев А., Жайлауов С. Органикалық химия негіздері.-Алматы: Білім, 1996.-420 бет.

  4. Перекалин В.В., Зонис С.А. Органическая химия.-Изд-е 3-е.-М.:Просвещение,1977.-622 с.

  5. Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органическая химия.-Изд-е 3-е.-М.:Высш. школа,1973.-623 с

  6. Терней А. Современная органическая химия.-.-М.:Мир,1981.- Т.1.-680 с. Т.2.-

  7. Шайхутдинов Е.М., Төреханов Т.М., Шәріпханов А.Ш. Органикалық химия: оқулық.-Алматы: Білім, 1999.-408


ОЖСӨЖ мазмұны: А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы.Теорияның негізгі қағидалары . Молекулалардағы атомдардың өзара әсері. Теорияның маңызы.

Әдебиет:


№1 дәрістегі әдебиет тізімін қараңыз.
СӨЖ мазмұны: Органикалық химия тарихы.

Әдебиет:


№1 дәрістегі әдебиет тізімін қараңыз.
2 кредит сағат

Дәріс 2

Тақырыбы: Бағытталған валенттіліктер теориясы. Гибридтелу теориясы. Көміртегі атомының үш түрлі валенттілік күйі,молекуладағы атомдарының гибридтелуін анықтау ережелері.

Дәріс мазмұны:

Гибридтелу теориясы. Көміртегі атомының үш түрлі валенттілік күйі,молекуладағы атомдарының гибридтелуін анықтау ережелері.

Коміртегі атомының тетраэдрлік (sp3) гибридтелуі. Sp3 – гибридті орбитальдағы электронды тығыздықтың таралуы. Оттегі мен азот атомдарының тетраэдрлік гибридтелуі. Этан, пропан, су және аммиак молекулаларының электрондық құрылысы және валенттілік бұрыштары. Метан, этил спирті, метиламин молекулаларының электрондық құрылысы және молекулалардың полюстілігі.

Тригональдық (Sp2) гибридтелу. Қос байланысты молекулалардың моделі, σ- және π- байланыстардың схемасы, этилен,пропилен, бутадиен молекулаларындағы валенттілік бұрыштар. Оттегі және азот атомдарының тригональдық гибридтелуі.Сірке қышқылы, нитрометан, мочевина және т.б қосылыстар молекулаларындағы σ- және π- байланыстар схемасы.

Диагональдық(Sp) гибридтелу. Уш байланысты қосылыстардың моделі,ацетилен,аллен оксиді молекулаларындағы σ- және π- байланыстар схемасы.

Этан, этилен және ацетилен молекулаларындағы жай байланыс, қос және үш байланыстардың энергиясы, ұзындығы және полюстенуі. Электртерістілік мәні және коваленттік радиус ұзындығының көміртегі атомының валенттік күйіне тәуелділігі.



Әдебиет:

  1. Ибраев М.И., Сарманова К.А. Органикалық химия негіздері: көмекші құрал.-Алматы: Рауан, 1990.-168 бет.

  2. Патсаев А., Жайлауов С. Органикалық химия негіздері.-Алматы: Білім, 1996.-420 бет.

Перекалин В.В., Зонис С.А. Органическая химия.-Изд-е 3-е.-М.:Просвещение,1977.- 622 с.

3 Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органическая химия.-Изд-е 3-е.-М.:Высш. школа,1973.-623 с.

4 Шайхутдинов Е.М., Төреханов Т.М., Шәріпханов А.Ш. Органикалық химия: оқулық.-Алматы: Білім, 1999.-408 б



ОЖСӨЖ мазмұны: Квантхимиялық ұғымдар мен зерттеудің физика-химиялық әдістерінің органикалық химияның дамуына ықпалы. Иондық және ковалентті байланыс. Семиполярлық байланыс- ковалентті және иондық байланыстардың комбинациясы. Сутектік байланыс туралы түсінік. Ковалентті байланысты кванттық-механика тұрғысынан тусіндіру.

Коваленетті байланыстың сипаттамасы: энергиясы,ұзындығы,еселігі, полюстілігі, поляризацияланғыштығы , кеңістіктегі бағыты. Валенттілік, ковалентілік, координациялық сан туралы түсінік.



Әдебиет:


№1 дәрістегі әдебиет тізімін қараңыз.
СӨЖ мазмұны: Органикалық қосылыстар.Органикалық химияның басқа ғылымдармен байланысы, оның өнеркәсіп мәдениет үшін маңызы және халықтың әл- ауқатын көтерудегі рөлі. Органикалық химияның материалистік көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы.

Әдебиет:


№1 дәрістегі әдебиет тізімін қараңыз.
3 кредит сағат

1 Зертханалық жұмыс. Гибридтелу теориясы. Көміртегі атомының үш түрлі валенттілік күйі,молекуладағы атомдарының гибридтелуін анықтау ережелері.




ОЖСӨЖ мазмұны: Коваленетті байланыстың сипаттамасы: энергиясы,ұзындығы,еселігі, полюстілігі, поляризацияланғыштығы , кеңістіктегі бағыты. Валенттілік, ковалентілік, координациялық сан туралы түсінік.

Әдебиет:


№1 дәрістегі әдебиет тізімін қараңыз.
СӨЖ мазмұны:
Атомдардың валенттілік куйі мен изомерияға арналған есептер мен жаттығулар орындау.
Әдебиет:

№1 дәрістегі әдебиет тізімін қараңыз.


2 апта

1 -2 кредит сағат

Дәріс 3-4

Тақырыбы: Органикалық реакциялардың классификациясы.

Дәрістің мазмұны: Индукциялық эффект,оның σ-байланыстың полюстелінуінің элементтердің электртерістілігіне тәуелділігі. Полинг бойынша элементтердің электртерістілік кестесі. Индукциялық эффект таңбасының (+I және – I) орынбасушылардың электртерістілігіне тәуелділігі. Индукциялық эффектінің σ-байланыс тізбегі бойынша бәсеңдеуі. Индукциялық эффектінің заттардың физикалқ және химиялық қасиеттеріне әсері.


Мезомерлік эффект. (резонанс эффектісі немесе қосарлну эффектісі). π- байланыстар жүйесіндегі электрондық тығыздықтың қайта бөлінуі, жүйенің тұрақтануы. Полюссіз (М) және полюсті (+М; -М) мезомерлік эффектілер. Қосарлану типтері: π – π, р – π, σ – π, σ – σ.

Шектелген ( резонансты) структуралар,мезоформулалар. π – молекула орбиталінің біртұтас көрінісі, центрлер және π- электрондар саны.Резонанс энергиясы және оның жүйе тұрақтылығына әсері.Мезомерлік эффектінің заттардың физика-химиялық қасиеттеріне әсері.

Бағыты бойынша: қосылу (А),бөліну (Е), орынбасу (S), қайта топтасу. Әрекеттесуші бөлшектердің сипаты бойынша : гомолититтік (SR,AR) және гетеролиттік (нуклеофильді - SN AN және электрофильді - SE AE). Субстрат, реагент,радикалды,электрофильді және нуклеофильді бөлшектер туралы түсінік. Моно-,би- және полимолекулалы реакциялар туралы түсінік. .

Әдебиет:

№1 дәрістегі әдебиет тізімін қараңыз

2 Зертханалық жұмыс

Тақырып: Органикалық заттары мен жұмысында қауіпсіздік техникасының ережелері. Органикалық қосылыстардың сапалық элементтік анализі
Зертханалық жұмыс мазмұны: Органикалық заттары мен жұмысында қауіпсіздік техникасының ережелері. Органикалық қосылыстардың сапалық анализі: көміртегі, сутегі, кукірт, азот және галогендерді анықтау. Есептеулер жүргізу.
Әдебиет:


  1. Васильева Н.В., Куплетская Н.Б., Смолина Т.А. Практические работы по органической химии: Малый практикум .-М.:Просвещение, 1978.-304 с.

№№1(а,б,в,г), 2, 6, 8(а,б), 9(а,б,в,д) тәжірибелер.

  1. Смолина Т.А.,Васильева Н.В.,Куплетская Н.Б. Практические работы по органической химии: Малый практикум.-2-е изд.-М.: Просвещение,1986.-303 с

  2. Ғұмаров М.Х. Органикалық химия бойынша лабораториялық жұмыстар: Органикалық қосылыстардың сапалық элементтік анализі. Ашық тізбекті көмірсутектер. Галогеналкандар. Методикалық құрал. Орал қ. – БҚОПКБАҚДИ. -1999. -57 бет.

№№1,2 лабораториялық жұмыс, №№1, 2, 5, 6, 7(а,б,г) тәжірибелер
ОЖСӨЖ мазмұны: Органикалық қосылыстардың классификациясы. Ациклі (алифатты), карбоциклі (алициклді және ароматты) және гетероциклі қосылыстар. Функционалды топтар туралы түсінік



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет