БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ
Дәріс сабақ №3
Тақырып-2
ОРГАНИЗМ ЖӘНЕ ОРТА ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ДЕҢГЕЙІ
Жоспар:
Табиғи орта туралы ұғым. Экологиялық факторлар.( абиотикалық және биотикалық, антропогендік)
Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлігі
Гомеостаз және экожүйенің тұрақтылығы.
Табиғи орта туралы ұғым. Экологиялық факторлар.( абиотикалық және биотикалық, антропогендік)
ТАБИҒИ ОРТА – қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы;
Ортаның ағзаға әсер ететін жеке қасиеттері немесе элементтері экологиялық факторлар деп аталады. Орта факторлары сан алуан түрлі болып келеді. Олар тірі заттар үшін қажетті немесе керісінше зиянды болуы мүмкін.
Экологиялық факторлардың жіктелуі:
Экологиялық табиғи және антропогенді экологиялық факторлар болып екіге бөлінеді. Табиғи факторлардың өзі биотикалық және абиотикалық деп жіктеледі.Тіршіліктің төртінші ерекше ортасы тірі ағзалардың өзі болды, олардың әрқайсысы оған қоныстанған паразиттер мен симбиондар үшін тұтас дүниені білдіреді. Адаптация – ағзалардың қоршаған орта өзгерістеріне бейімделуі. Бейімделуге қабілеттілік – тіршіліктің негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады, өйткені ол оның тіршілік етуінің мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Абиотикалық факторлар бұл өлі табиғаттың тірі ағзаларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететін барлық қаситеттері: оларға химиялық, физикалық және эдафикалық факторлар жатады.
Химиялық факторларға қоршаған ортаның химиялық құрамы жатады, мысалы, ауаның, судың құрамындағы оттегі мөлшері, жауын-шашындардың қышқылдығы, автокөлік және зауыт-фабрикалардың түтіндерінің құрамы т.б.
Физикалық факторларға қоршаған ортаның физикалық күйі немесе құбылыстарды жатқызуға болады, мысалы, температура, қысым, радиациялық фон т.б.
Эдафикалық факторларға топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерінің жиынын айтады.
Биотикалық фактор – бір ағзалардың басқа бір ағзаларға тигізетін әсері. Ол түраралық және түрішілік болып екіге жіктеледі.
Түрішілік әрекеттер – бір түрдің ағзаларының арасында жер үшін, қорек үшін, теорритория үшін туындайтын күрестен пайда болады, мұнда тек бәсекелестік орын алады.
Түраралық әрекеттер – түрішілікке қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Оларға нейтрализм, бәсекелестік, мутуализм, паразитизм, жыртқыштық, протокооперация жатады.
Антропогендік фактор – адам әсерінен туындайтын қоршаған ортаға тиетін әсер. Ортаның экологиялық факторлары тірі ағзаларға түрліше әсер етеді, яғни физиологиялық және биохимиялық қызметтердің бейімделу өзгерістерін тудыратын тітіркенушілер сияқты; берілген жағдайларда тіршілік ету мүмкін еместігімен себептелген шектеушілер сияқты; ағзалардың анатомиялық және морфологиялық өзгерістерін тудыратын модификаторлар сияқты; ортаның басқа факторларының өзгерісі туралы мәлімет беретін белгілер сияқты әсер ете алады.
Өзінің тарихи-эволюциялық даму жолында ағзалар периодты және периодсыз факторларға бейімделген.
Ағзалардың қоршаған орта факторларының әсеріне бейімдеушілік дәрежесіне байланысты экологиялық факторлардың жіктелінуі
Ең алдымен тірі ағзаларда периодты факторларға бейімделуі пайда болады. Мысалы, Жер шарының тікелей өз осінен және Күнді айналуы немесе Ай фазаларының ауысуы.
1840 жылы Ю. Либих (1803 - 1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтың минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады.
Минимуммен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В. Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттық заңы:
Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын (латын тілінен аударғанда толерантиа – шыдау, төзім) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |