«Биологиялық экология» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №3 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет8/66
Дата07.02.2022
өлшемі230,51 Kb.
#90852
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Байланысты:
2c908bb6-082b-11e7-bfa7-a692e7d05c5eбиологи экология лекция

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ


Дәріс сабақ №5


Тақырып-3
АУТЭКОЛОГИЯ


Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар
1.Организм және оның тіршілік жағдайы
2. Шектеуші фокторлар минимум және толентарлық заңдар
3. Негізгі абиотикалық факторлар: жарық, температура және ылғалдылық

Аутэкология – жеке ағзаның тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі.


Аутэкологияның (грек. autos- өзім) мақсатты – даралардың тіршілік етуінің шегін және физико-химиялық факторлардың ағза олардың мағынасының барлық көлемінен таңдап алатын шектеулерін нақтылау болып табылады. Орта факторларының әсеріне ағзалардың реакциясын зерттеу осы шектеулерді ғана емес, берілген түрлерге тән физиологиялық, сондай-ақ морфологиялық өзгерістерді шығаруға мүмкіндік береді.
Ағзаның ырғақтары ішкі немесе физиологиялық және сыртқы, яғни геофизикалық табиғаты бар сыртқы ортадағы циклды өзгерістерден соң жүретін болып бөлінеді.
Түрдің особьтарды көбейту, басқа түрлермен бәсекеге түсу қабілеті түр үшін оптимальды шамадан ауытқитын факторлармен шектелетін болады. Мұндай максимум мен минимум шегінен шығып кететін факторлар шектеулі факторлар деп аталады. Мыс: көптеген өсімдіктермен жануарлардың солт. таралуына жетіспеуі шектеуші фактор болса, керісінше сол түрлер үшін оңт. Ылғал мен қаректің жетіспеуі шектеуші фактор болады.
Экожүйедегі (табиғи бірлестіктер) өзара қарым – қатынаста болу үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Эксперимент, табиғатта ұзақ мерзімді бақылау, популяциядағы особьтар санын анықтау, жануарлардың қоныс аударуын (миграция) бақылау т.б. Тірі табиғатты толық және терең танып білу үшін модельдеу әдісі (жасайды экологиялық жүйе) кеңінен пайдаланылады. Мұндай жағдайда деректерді математикалық әдіспен шешеді.
Экожүйедегі модельдеу әдістері қазіргікезде экологияда кеңінен қолданылады. Олар экожүйелерде болып жатқан процестерді болжауға және антропогендік факторлардың биосфераны ластау әдістерін айқындап, болашаққа кең жол ашады.
Ішкі ырғақтар тарихи қалыптасқан. Қалыпты өмір сүру үшін келген ағза жоғары физиологиялық белсенділік жағдайынан физиологиялық тыныштық күйге өтеді. Анаболизм (түзілу) процестері катаболизм (ыдырау) процестерімен алмасады. Егер катаболизм бұл процесс болмаса, онда ағзаның физиологиялық функциялары бұзылады.

Тірі ағзалар сыртқы ортаның ауытқуларын қабылдауға бейімделе отырып, оларға сәйкес өздерінің физиологиялық процестерін реттейді. Бұл негізінен үш фактордың әсерінен жүзеге асырылады: Жердің Күнге қатысты айналуы күндік тәулік, Айға ай тәулігі, жұлдыздарға жұлдызды тәулік. Бір-біріне әсер ететінін ескере отырыа, бұл факторларды ағзалар 24 сағаттық периодқа жақын ырғақ түрінде қабылдайды. Бұл – эндогенді биологиялық ырғақтардың дәл тәуліктік периодтан ауытқуының себебі болып табылады. Сондықтан оларды циркадтық (латын тілінен аударғанда цирка – шамамен, жуық, диес – тәулік) ырғақтар, яғни тәулікті ырғаққа жақын деп аталады.
Егер тиіндерді толық қараңғылық жағдайында ұстаса, бастапқыда олар бір мезгілде оянып, белсенді тіршілік етеді, біраз уақыттан соң әр түрлі уақытта оянып, өзінің әр түрлі ырғағын сақтайды. Содан соң күн мен түннің дұрыс кезектесуін қалпына келтіргенде, жануарлардың ұйқы мен белсенді тіршілігінің периодтары болады. Олай болса, сыртқы тітіркендіру (күн мен түннің ауысуы) туа пайда болған циркадтық ырғақтарын реттейді.
Көптеген жануарларда тәуліктік периодтылық физиологиялық функциялардың айтарлықтай ауытқуын әкелмейді. Ол негізінен қозғалыс белсенділігінің өзгеруінен көрінеді. Бұл – сыртқы, экзогенді тәуліктік ырғақ. Тәуліктік периодтылық күндіз, кеште, түнде тіршілік ететін жануарларға тән. Су қоймаларында планктонның күндізгі және түнгі арадласуы байқалады. Жарық күннің ұзақтығының көктемнен күзге қарай өзгеруі жануарлардың тәулік бойынша белсенділігіне әсер етеді. Олай болса, тәуліктік периодтылық экзогенді ырғаққа жатады.
Жарық. Белгілі француз астрономы К. Фламмарион (1842 - 1925): «Біздің планетамызда жүрген, қозғалған, өмірс сүретін нәрселердің барлығы күннен жаралған» - деді.
Биосферадағы ең маңызды процесс – фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге асырылады. Жасыл өсімдіктерде (жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар) электрондардың доноры су (оттегі) болып табылады. Сондықтан фотосинтез нәтижесінде оттегі түзіледі:
Альбедо – дегеніміз әр түрлі денелердің бетінің шағылысуға қабілеті. Ол радиацияның жалпы мөлшерінен пайызбен шаққандағы мөлшері. Альбедо жарық сәулесінің түсу бұрышына және беттің шағылыстыру қасиетіне байланысты болады.
Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын анықтайтын факторлардың бірі – температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уақыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып табылады. Өсімдіктердің денесінің өзіндік температурасы болмайды. Олардың жылу реттеуінің анатомо-морфологиялық және физиологиялық механизмдері ағзаны қолайсыз температуралардан қорғауға бағытталған.
Аллен ережесі (1877 ж.) бойынша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді.
Жануарлардың жылу режиміне бейімделуі денесінің жеке мүшелерінің қатынасының өзгеруінен де көрінеді. Мысалы, солтүстік аудандарда мекендейтін ақкістің жылы жерде мекендейтін осындай жануарлармен салыстырғанда жүрегі, бүйрегі, бауыры үлкен болады.
Ылғалдылық. Сулы тірі ағзалардың өміріндегі маңызды экологиялық факторы және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады.
Өсімдіктердің әр түрлі түрлерінің, әр түрлі даму кезеңдерінде суға деген қажеттілігі әр түрлі болады. Ол ауа райына, топырақ типіне байланысты. Қоршаған ортаның ылғалдылығы ағзалардың жер шарында таралуы мен санын шектейтін маңызды фактордың бірі.
Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен жабындардың өткізгіштігі маңызды роль атқарады.

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Аутэкология нені зерттейді?

  2. «Экологиялық фактор» деп нені түсінесіз ?

  3. Экологиялық факторлар қандай топтарға бөлінеді?

  4. Абиотикалық факторларға қандай факторлар жатады?

  5. Биотикалық фактор дегеніміз не?

  6. Антропогендік факторларға қандай факторлар жатады? Табиғи ортаға антропогендік факторлардың тиімді және зиянды әсерлеріне мысал келтіріңдер.

  7. салыстырмалы түрде тұрақты және үнемі өзгеріп отыратын экологиялық факторларға мысал келтіріңдер.

  8. Экологиялық факторлардың адам шаруашылығына қандай әсері бар?

Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет