ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы- мемлекеттік экологиялық саясатының мақсаты. Әлеуметтік(латынша: социалис — коғамдык) даму бағыты дегеніміз айналадағы жағдай және адамдар ыкпалынан адамның жеке басының калыптасуы. Адамның әдеуметтік мәні адамгерші-лік, ар-ождан, борыш, патриотизм, білім, мәдениет секілді касиеттерден кұралады. Әлеуметтік бағыт адамзат коғамының бүкіл коғамдык-тарихи дамуы барысында әзірленген және ол тұкым куаламайды.Әрбір адам біртіндеп өзі секілді адамдар арасында, яғни адам коғамында өмір сүре отырып, әлеуметтік бағытты өмір бойы меңгереді. Әрбір аға буын өзінен кейінгі кіші ұрпактың жеке басын калыптастыруға катысады. Бұл процестің барысында адамныц ішкі және оныц сырткы жағдай әсеріне катысы да калыптасады. Адамның жеке басын калыптастыруда коғамдык пайдалы еңбекке қатысу шешуші роль аткарады.
Кез келген прогресшіл коғамның міндеті — дені сау, творчест-волык, рухани жан дүниесі бай, жан-жакты жетілген жеке адам тәрбиелеу. Мұндай адамды калыптастыру — ұзак әрі күрделі процесс.
Экологиялық мәселенің мәні - табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Қазіргі кезең адамының ерекшк биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықтылып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді,реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамның дамуы үздіксіз ұзақ уақыттық бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана – сезімі, олаодың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді 1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге » аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібінде» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция - климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды. ҚР-ның Үкіметі ұсынған «ҚР-ның тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірілді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, сол қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық баяндамасы қабылданды. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады: Қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;
Экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету. Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше. Бұл мәселелерді шешудің міндеттері «ҚР-ның экологиялық қауіпсіздік» концепциясында қарастырылған ( ҚР-ның Президентінің шешімімен бекітілген, 30 сәуір, 1996 жыл). Республиканың экологиялық қауіпсіздігі дегенде ең алдымен қоршаған ортаға антропогенді немесе табиғи әсердің нәтижесінде жеке адамға , қоғамға, табиғат пен мемлекеттің өмірлік маңызды қателіктерін нақты және мүмкін болатын қауіптен қорғауды қамтамасыз ету процесін түсінеміз. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне биосфера мен сыртқы антропогенді және табиғи факторлар арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған мединалық биологиялық, экологиялық, құқықтық іс-шаралардың жиынтығы жатады. Алда тұрған маңызды мәселенің бірі адамды қоршаған ортаға мүмкін болатын шекті экологиялық қысымды, яғни экожүйелердің өзара байланыстары, қарым-қатынастары, олардың бір тұтастығы сақталатын антропогенді фактордың әсер етуінің максималды деңгейін анықтау болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан территориясының көптеген бөліктері күшті антропогенді әсіресе ұшыраған Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады. Мұнда шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта қайтымсыз өзгерістерге ұшыраған, Аралдың экожүйесі бұзылып, халықтың денсаулығының төмендеуі мен өлімінің артуы байқалып тоыр. Қазақстан Республикасын «экологиялық
қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаты мен міндеттеріне» экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін жасау мен дамыту жатады.
Қолданылған әдебиеттер. Негізгі әдебиеттер: 1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5. Алишева К. Экология. Учебник. А., 2006
6. ҚаженбаевС., С. Махмұтов. Алматы, Табиғатты қорғау. А. 1984