1.Тақырыбы: Белоктар. Белоктардың жалпы қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Белоктардың жіктелуі (жай және күрделі белоктар). Жай глобулярлы белоктар.
2.Мақсаты:
1) Белоктардың жалпы қасиеттері және жіктелуі туралы білімдерін бекіту.
2) Жай глобулярлы белоктар туралы білімдерін бекіту.
3) Кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге студенттерді ынталандыру.
3.Оқыту міндеттері: 1.Оқытушының жетекшілігімен тақырып бойынша жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу.
2. «Белок молекуласының құрылымдары және оларды тұрақтандыратын байланыстар» кестесін толтыру.
3. Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.