Жағдайлық есептер: 1. Науқас отмечает тяжесть и чувство полноты в подложечной области, поносы. Асқазан сөліне талдау жасағанда күкіртті сутектің иісі бар және бос тұз қышқылының жоқ екені анықталды. Асқазанда қандай ауру туралы айтуға болады?
2. Науқастың асқазанында кенеттен ауырсыну сезімі байқалғанына шағымданды. Асқазан сөлінің құрамына сапалық реакция бойынша талдау жүргізгенде қанға «оң», жалпы қышқылдық 90 болған. Сіздің қояр диагнозыңыз?
3. 5 мл асқазан сөлін титрлегенде бос HCI-ды нейтралдауға 2,5 мл 0,1 н NaOH ертіндісі жұмсалды. Ал В көлемі 3 мл болды. Қышқылға сезімтал барлық заттарды нейтарлдауға 4,5 мл ертінді жұмсалған. Жалпы қышқылдықты, бос және байланысқан түз қышқылын есептеп, алынған мәліметтерді бағалау қажет.
4. Зерттелінген зәр құрамында индиканның мөлшері анықталған. Мұндай құбылыс қандай жағдайда байқалады?
5. Асқазанның, ішектің және ұйқы безінің созылмалы ауруында дәрігер науқасқа құрамында қарын асты безінің ферменттері бар препарат мезим-фортені (панкреатин) ұсынады. Осы аталған препараттың әсер ету механизмін түсіндіріп, АІЖ белоктардың қорытылуы мен ондағы эндо-және экзопептидазаларды жіктеп, осы ферменттердің активтелу реакциясының сызбанұсқасын жазыңдар. Активаторларды атаңдар.
№6 Сабақ