Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Бауырдың глюкостатикалық функциясы. Глюкозаның тотығу жолдары, энергиялық балансы.
Мақсаты: Студенттерді заттар алмасуының негізгі түсініктерімен, соның ішінде көмірсулар алмсуымен таныстыру. Тіндердегі глюкозаның өзгерістері туралы сұрақтарды қарастыру.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ: Заттар алмасуына кіріспе.
Көмірсулар аламасуындағы бауырдың ролі.
Глюкозаның тотығу жолдарына қысқаша сипаттама.
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ: Заттар алмасуына кіріспе Заттар алмасуы – бұл бір-бірімен тығыз байланысты, қарама-қарсы 2 процестің – ассимиляция (анаболизм) мен диссимиляцияның (катаболизм) жиынтығы. Заттар алмасуы 4 сатыдан тұрады: 1-сатысы – қорытылуы – күрделі заттардың механикалық және ферментативті жолмен ыдырауы, бұл сәйкес гидролазалардың қатысуымен асқорыту жолдарында (АҚЖ) өтеді; 2-сатысы – сіңірілу – ыдырау өнімдерінің ішек қуысынан ағзаның ішкі ортасына тасымалдануы; 3-сатысы – аралық алмасу – сіңірілген заттардың ағза жасушалары мен тіндерінде өзгерістерге түсуі; превращение в клетках или тканях организма всосавшихся веществ; 4-сатысы – зат алмасудың соңғы өнімдерінің бөлінуі.