Биологиялық химия Кафедрасы


сатысы – негізгі қоректік заттардың арнайы жолдармен ыдырауы



бет33/226
Дата29.01.2023
өлшемі0,76 Mb.
#166720
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

1 сатысы – негізгі қоректік заттардың арнайы жолдармен ыдырауы. Бұл сатысы ас қорыту жолдарында оттек қатысуынсыз жүреді және субстраттардың барлық энергиясының шамамен1% бөлінеді. Белоктар, көмірсулар және липидтердің әрқайсысы өз жолдарымен ыдырайды, мысалы, көмірсулар ас қорыту жолдарында моносахаридтерге дейін ыдырайды, қанға негізінен глюкоза шығады. Глюкоза пирожүзім қышқылына (ПЖҚ) дейін тотығады, ПЖҚ тотығудан декарбоксилденіп АСҚ түзеді. Липидтер (ТАГ) асқорыту жолдарында глицерина мен бос май қышқылына (БМҚ) дейін ыдырайды , глицерин ПЖҚ-ға дейін тотығып, БМҚ бета-тотығып, АСҚ түзеді. Белоктар ас қорыту жолдарында АҚ-на дейін ыдырайды , АҚ тіндерде дезаминденіп ПЖҚ немесе АСҚ түзеді.
2 сатысы –Үшкарбон қышқылының циклі, немесе лимон қышқылының циклі, немесе Кребс циклі (1953 ж Нобель сыйлығын алды).
1 сатыда түзілген АСҚ ҮКЦ-де тотығады. ҮКЦ барлық органикалық қосылыстар үшін «катаболикалық ошақ» . ҮКЦ реакциялары митохондрияда жүреді.
ҮКЦ қорытынды теңдеуі: АСҚ2СО2+3НАДН2+ФПН2+АТФ
АСҚ ҚСҚ-мен судың қатысуымен конденсациялану реакциясына түседі , нәтижесінде лимон қышқылы түзіледі, ацилтрансфераза бөлінеді, реакцияны цитратсинтетаза жүргізеді.
Цитрат дегидратцияланып, нәтижесінде цис-аконитат түзіледі.
Цис-аконитат суды қосып алып, изолимон қышқылын түзеді.
Изоцитрат дегидрленіп, НАД-тәуелді ИДГ қатысуымен қымыздық янтарь қышқылын ҚЯҚ түзеді.
ҚЯҚ декарбоксилденіп, альфа-кетоглутарат түзіледі.
Альфа-кетоглутарат альфа-кетоглутаратдегидрогеназды комплекстің әсерінен сукцинил-КоА түзіледі. Альфа-кетоглутарат тотыққан кездегі энергия активті янтарь қышқылының макроэргиялық байланысын түзуге жұмсалады.
Активті янтарь қышқылының макроэргиялық байланысы ГДФ пен бейорганикалық фосфаттан ГТФ түзуге жұмсалады. Одан кейін ГТФ АДФ –пен қайта фосфорланып, ГДФ және АТФ түзіледі. Активті янтарь қышқылы өзінің макроэргиялық байланысын жоғалтып сукцинатқа айналады және НSКоА бөлінеді.
Сукцинат ФАД-тәуелді ФП – СДГ арқылы тотығып, фумарат түзеді.
Фумарат гидратацияланып, алма қышқылын (малат) түзеді.
Малат НАД-тәуелді МДГ арқылы дегидрленіп ҚСҚ түзеді , ол қайтадан ҮКЦ-ге түсуі мүмкін.
Сонымен ҚСҚ – ҮКЦ-ның катализаторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет