1.Тақырыбы: Белоктар.
Белоктардың жалпы қасиеттері: Коллоидты қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Белок молекуласының структуралары. Белоктардың жіктелуі (жай және күрделі белоктар). Жай глобулярлы белоктар: өкілдері, химиялық касиеттері, табиғатта таралуы, ролі.
2.Мақсаты:
1) Белоктардың жалпы қасиеттері туралы білім қалыптастыру.
2) Денатурация, ренатурация, денатурациялаушы агенттер туралы білім қалыптастыру.
3) Белоктардың жіктелуі туралы білім қалыптастыру.
4) Жай глобулярлы белоктар туралы білім қалыптастыру.
5) Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу.
3.Оқыту міндеттері:
1.Белоктардың жалпы қасиеттерін: коллоидты қасиетін, тұнбаға түсу реакцияларын, белок молекуласының структураларын оқып-білу.
2. Денатурация, ренатурация, денатурациялаушы агенттер туралы түсінік беру.
3. Студенттерді белоктардың жіктелуімен таныстыру.
4. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылық факторлары, белоктардың денатурация мен ренатурациясы, денатурациялаушы агенттер, глобулиндер фракциялары, электрофорез туралы жаңа түсініктерді енгізу.
5. Белоктардың құрылымдық деңгейін қарастыру, белоктардың биологиялық қасиетінің біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік құрылымдарына тәуелділігін көрсету.
6. Альбуминдер мен глобулиндердің, протаминдер мен гистонлдардың химиялық қасиеттерін, ролі мен табиғатта таралуын оқып-білу.
7. Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Белоктардың жалпы қасиеттері:
Белоктардың коллоидты қаситтері. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.
Тұнбаға түсу реакциялары және белоктардың тұздалуы. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.
Белок молекуласының құрылымдары (структуралары). Денатурация, ренатурация.
2.Белоктардың жіктелуі.
3. Альбуминдер мен глобулиндердің, протаминдер мен гистонлдардың химиялық қасиеттерін, ролі мен табиғатта таралуы
Достарыңызбен бөлісу: |