Биологиялық химия Кафедрасы


Оқыту әдістері мен құралдары



бет75/226
Дата29.01.2023
өлшемі0,76 Mb.
#166720
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

5. Оқыту әдістері мен құралдары:
Аралас әдіс:
Аралас сұрау (ауызша сұрау, блиц- сұрақ немесе тесттік тапсырмаларға жауап, жазбаша бақылау)
Оқыту құралдары: кафедраның оқу-әдістемелік құралдары, тест тапсырмалары, дәрістің электронды нұсқасы.
1. Сабақты ұйымдастыру –үй тапсырмасы: Ферменттер. Энергия алмасуы. Тотығу түрлері. « Практикум кітабынан….» № 27-30,32,38,40-жұмыстарды конспектілеу.
Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
1. Ферменттер дегеніміз не?
2.Фермент пен бейорганикалық катализаторлардың ұқсастықтары.
3.Ферменттердің жалпы қасиеттері.
4. Ферменттердің химиялық табиғаты.
5. Ферменттердің құрылыс. Жай ( бір компонентті ) және күрделі (екі компонентті) ферменттер.
6. Ферменттің активті орталығының құрылысы, ролі.
7. Ферменттің аллостериялық орталығы дегеніміз не? Ролі.
8. Ферменттердің әсер ету механизмі.
9. Ферменттердің арнайлығы: а) субстраттық, б) әсер ету арнайлығы.
10. Субстраттық арнайылықтың түрлері.
11. Ферменттердің әсер ету қуаттылығы
12.Изоферменттер, олардың диагностикалық маңызы
13. Мультиферменттік комплекстің түрлері,маңызы.
14. Фермент активтілігіне әсер ететін факторлар.
15.Фермент активтілігіне температураның әсері. Қайтымды және қайтымсыз инактивация.
16. Фермент активтілігіне орта рН-ң әсері.
17. Фермент активтілігіне субстрат концентрациясының әсері.
18. Фермент активтілігіне эффекторлардың әсері. Арнайылығы бар және арнайылығы жоқ эффекторлар.
19.Фермент активтілігінің тежелу түрлері:
а) бәсекелес;
б) бәсекелес емес.
20.Ферменттердің аллостериялық активтенуі мен ингибирленуі. 21.Ферменттердің номенклатурасы мен жіктелуі.
22.Гидролазалар. Жалпы сипаттама. Негізгі топтары: эстеразалар, гликозидазалар, пептидгидролазалар.
23.Эстеразалардың негізгі топшалары: карбон қышқылдарынан түзілген күрделі эфирлік байланысты үзетін эстеразалар (липазалар, фосфолипазалар А1, А2), фосфоэстеразалар (фосфолипаза С және Д, глюкозо-6-фосфатаза), кездесетін орны, катализдік әсері.
24.Гликозидазалар негізгі өкілдері: α-амилаза, γ-амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза, кездесетін орны, катализдік әсері.
25. Пептидгидролазалар эндопептидазалар (пепсин, трипсин, химотрипсин, катепсиндер) және экзопептидазалар (карбоксипептидазалар, аминопептидазалар, дипептидазалар), кездесетін орны, катализдік әсері.
26.Трансферазалар,жалпы сипаттамасы, негізгі топтары және олардың катализдейтін реакцияларының түрлері.
27.Аминотрансферазалар, құрылысы, коферментінің химиялық табиғаты, катализдік әсері.
28.Қан сарысуында аминотрансферазаларды (АЛТ, АСТ ) анықтаудың маңыздылығы. 29. Метилтрансферазалар, Вс және В12 витаминдерінің құрылысы туралы түсінік, олардың ролі. Катализдейтін реакциялары (мысал келтіру)
30 Ацетилтрансферазалар. НSKoA-ның құрылысы ( В3 вит.) және ролі. Катализдейтін реакциялары.
31. Фосфотрансферазалар, құрылысы, катализдік әсері.
32.Лиазалар, жалпы сипаттамасы, негізгі топтары және олардың катализдейтін реакцияларының түрлері.
33.Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары, Мультиферменттік комплекстің құрамы, коферменттердің (В1, В5, В3 витаминдерінің ), ферменттің каталитикалық әсері.
34.Амин қышқылдарының декарбоксилазалары,витаминдердің құрылысы және коферменттік функциясы. Каталитикалық әсері, биогенді аминдер туралы түсінік. 35. Карбоангидраза. СО2 тасымалдаудағы ролі,құрылысы, катализдейтін реакциялары. 36.Оксидоредуктазалар, жалпы сипаттама, жіктелуі.
37. Дегидрогеназалар, өкілдері, құрылысы, каталитикалық әсері.
38. Пиридинферменттердің коферменттерін атаңыз.
39. НАД және НАДФ, кездесетін орны ,құрылысы мен биологиялық роліндегі айырмашылықтары.
40. Флавинферменттерің коферменттерін атаңыз.
41. ФМН, ФАД кездесетін орны ,құрылысы мен биологиялық роліндегі айырмашылықтары.
42. Витаминдер, коферменттерінің құрамына кіретін дегидрогеназалар.
43. Убихинон,химиялық табиғаты, кездесетін орны, құрылысы мен биологиялық тотығудағы ролі.
44. Цитохромдар, жіктелуі, жалпы сипаттамасы.
45. Цитохром В, өкілдері, гемнің құрылысы,тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
46. Цитохром С, өкілдері, гемнің құрылысы,тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
47. Цитохром А, өкілдері, гемнің құрылысы,тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
48. Энергия алмасуы туралы түсінік.
49. Энергия алмасуының сатылары.
50. 1сатысы- көмірсулардың, липидтердің, белоктардың арнайы (бастапқы) жолдары арқылы актівті сірке қышқылына дейін ыдырауы.
51. Үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ), мәні, маңызы, реакциялардың сатылары. 52. Биологиялық тотығу (БТ), түсінік, маңызы. БТ сатылары, БТ тізбегіндегі сутегі мен электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер.
53. Тотығу-тотықсыздану потенциалы (ТТП) дегеніміз не? Ол неге тәуелді?
54. БТ кезінде энергияның бөлінуі. БТ тізбегіндегі ферменттердің белгілі бір ретпен орналасуы немен байланысты?
55.Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні, маңызы, Р/О коэффициенті.
55.БТ мен ТФ қабысу нүктелері.
56.. Электрондардың тасымалдану тізбегінің реттелуі. Тыныс алуды бақылау.
57. ТФ мен БТ ажырауы
58. Ферменттік ансамбльдер (немесе ферменттік комплекстер).
59. Оксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері.
60. Оксигеназды тотығу, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы.
61. Пероксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері.
62. Пероксидті тотығу (бос радикалды тотығу), осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы. Оттектің активті түрлерінің түзілуі.
63. Ферментті және ферментті емес антиоксиданттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет