Биологиялық химия Кафедрасы



бет84/226
Дата29.01.2023
өлшемі0,76 Mb.
#166720
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

1.Тақырыбы: Майда еритін витаминдердің биологиялық әсері, авитаминозы, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. Суда және майда еритін витаминдер. Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер. Суда еритін витаминдерге сапалық реакцияларды демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.



  1. Мақсаты:

1. Студенттерде майда еритін витаминдердің құрылысы, зат алмасуын реттеудегі биологиялық ролі, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі және авитаминоздары туралы білім қалыптастыру.
2. Студенттердің «Суда және майда еритін витаминдер. Витамин тәрізді заттар» тақырыбын оқу кезінде алған білімдерінің тереңдігін анықтау.
3. Жаңа терминдер мен түсініктерді рольдік ойын барысында қолдана отырып, енгізу.
4. Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.


3. Оқыту міндеттері:
1. Студенттерді майда еритін витаминдердің биологиялық ролі мен авитаминоздарының клиникалық белгілері арасындағы байланысты көрсете білуге үйрету.
2. Студенттерді витаминдер-антиоксиданттардың әсер ету механизмдерімен таныстыру.
3. Витамин тәрізді заттарды және олардың жануар организміндегі ролін қарастыру.
4. Студенттерді витаминдердің құрылысы мен ролі туралы алған білімдерін пәннің келесі тақырыптарын түсіну үшін қолдануға үйрету.
5. Студенттердің тақырыпты меңгеру тереңдігін тексеру, витаминдердің тәуліктік қажеттілігі туралы алған білімдерін бекіту.
6.Студенттерді осы тақырып бойынша алған білімдерін жағдайлық есептерді шешу үшін қолдануға үйрету.
7. Студенттерді жаңа терминдер мен түсініктерді: ксерофтальмия, антиоксиданттар, витаминнің активті алмасу формалары, мешел (рахит), кератомаляция, кератиндену, геморрагия, көру пурпуры, каротиндер қолдануға үйрету.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Заттар алмасуының әртүрлі процестеріндегі майда еритін витаминдердің ролі.
2. Е және К витаминдерінің тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, авитаминоздары.
3. Е және С витаминдері – антиоксиданттар ретінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет