Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогенолиз, гликогеногенез. Тіндердегі глюкозаның өзгерістерге ұшырауы
2.Мақсаты:
Студентерде метаболизмнің анаболикалық және катаболикалық жолдары туралы білім қалыптастыру;
Жаңа терминдермен түсініктерді еңгізу арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Студентерде қорытылу, сіңірілу және көмірсулардың аралық алмасуы үрдістері туралы білім қалыптастыру;
Студентерде бауырдың глюкостатикалық ролі туралы білім қалыптастыру
5) Студенттерді кәсіби әдебиетті зерттеуді және ғаламторда ақпарат іздеуді қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері:
1) Жаңа түсініктер еңгізу және түсініктерге анықтама беру. Зат алмасуы, катаболикалық және анаболикалық үрдістер
2) Көмірсулардың маңызы мен алмасу сатыларын қарастыру.
3) Бауырдың глюкостатикалық ролін қарастыру.
4) Гликоген алмасуын қарастыру.
5) Глюкогенез, гликогеногенез, гликогенолиз, глюконеогенез түсініктеріне анықтама беру.
6) Студенттерді кәсіби әдебиетті зерттеуге (оқуға) және ғаламторда ақпарат (мәліметтер) іздеуге ынталандыру
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Метаболизм, оның негізгі сатылары.
Тағам көмірсулары, олардың жіктелуі және маңызы.
Көмірсулардың қорытылуы.
Моносахаридтердің сіңірілу механизмдері мен сіңірілу жылдамдығы.
Гликогеногенез, түсінік, осы үрдістің биологиялық маңызы.
Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары, маңызы.
Бауырдың глюкостатикалық қызметі.
8) Тіндердегі глюкозаның өзгерістерге ұшырауы
5. Оқыту және сабақ беру әдістері:
Әдіс-комбинациялық:
1) біріккен сұрау (тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша талдау; блиц-сұрау; жазбаша бақылау);
2) үй тапсырмасын тексеру (жағдайлық есептер мен тесттік тапсырмаларды шешу, жаттығуларды орындау).
3) жаттығуларды орындау
4) жазбаша бақылау
5) бейне тәсілі
Оқыту құралдары: кестелер, сызбанұсқалар, суреттер, дәрістердің элетрондық нұсқасы, дәрістер, тест тапсырмалары.
Достарыңызбен бөлісу: |