Биологиялық химия Кафедрасы


Бағаланатын құзырлылықтар



бет88/226
Дата29.01.2023
өлшемі0,76 Mb.
#166720
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

Бағаланатын құзырлылықтар:
«Білім» құзырлылығын бағалау: ауызша сұрау, блиц-сұрақ, жазбаша бақылау кезіндегі студенттің берген жауаптары бойынша, үйге берілген жаттығуларды, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды тексеру арқылы жүргізіледі.
1. Сабақты ұйымдастыру - сабақтың мақсатымен және міндеттерімен таныстыру. Күрделі сұрақтарды нақтылап, оларға тоқталу.
Үй тапсырмасы: Көмірсулар алмасуы. Глюкозаның тотығу жолдары: гликолитикалық және пентозофосфатты. Анаэробты гликолиз. Кори циклі. Аэробты гликолиз. Энергетикалық балансы. Глюкозаның пентозофосфатты тотығу жолының желісі. Көмірсулар алмасуының реттелуі. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
Келесі сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Гликолиз, биологиялық ролі, энергетикалық құндылығы.

  2. Сүт қышқылының пайдалану жолдары, Кори циклы

  3. Глюконеогенез, түсінік, осы үрдістің маңызы.

  4. Аэробты жағдайда глюкозаның гликолитикалық тотығуы (сатылар).

  5. Глюкозаның пентозофосфатты тотығуы, осы үрдістің биологиялық ролі

  6. Гликолитикалық және пентозофосфаттық тотығулардың айырмашылығы.

  7. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі

  8. Гликозидазалардың, оксидоредуктазалардың құрылысын және маңызын қайталау.

3. Ауызша талдау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі


Сұрақтар:
1. Метаболизм, және оның сатылары
2. Тағам көмірсулары, жіктелуі, маңызы.
3. Көмірсулардың ас қорыту жолдарында қорытылуы, көмірсулардың қорытылуына қатысатын ас қорыту сөлдерінің ферменттері.
4. Көмірсулардың сіңірілуі, механизмдері, жеке моносахаридтердің сіңірілуі жылдамдығы.
5. Гликогеногенез. Бұл үрдіс қалай жүзеге асады? Маңызы.
6. Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары: фосфоролиз және гидролиз, маңызы.
7. Бауырда өтетін фосфоролиздің ерекшелігі.
8. Глюконеогенез, осы үрдістің маңызы. Қандай тіндерде басымырақ өтеді? Глюконеогенездің жанама жолдары.
9. Қан құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Гипергликемия, гипогликемия, глюкозурия, глюкозаның «бүйрек межесі (шегі)» туралы ұғымдар.


4. Жазбаша бақылау билет бойынша жүргізіледі.
5. Сабақты қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге сабақ бойынша нәтиже жасап, баға кояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет