Биологиялық химия Кафедрасы


Оқыту және сабақ беру әдістері



бет95/226
Дата29.01.2023
өлшемі0,76 Mb.
#166720
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

5. Оқыту және сабақ беру әдістері:
Сабақта төмендегідей әдістер пайдаланылады:

  1. біріккен сұрау (тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша талдау; блиц-сұрау; жазбаша бақылау);

  2. шағын топта жұмыс жасау;

3) үй тапсырмасын тексеру
4) Рольдік ойындар.
Оқыту құралдары: лекцияның электронды нұсқасы, тесттік тапсырмалар, гликолиз реакциялары келтірілген карточкалар; билеттер.

1. Ұйымдастыру (студенттерді түгендеу, үй тапсырмасын беру)


2. Жазбаша бақылау билеттер бойынша жүргізіледі.


6. Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. С.М. Плешкова, К.Қ. Өмірзақова, С.А. Абитаева «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006 жыл, 5-31 бет.

  2. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998 г., с. 288-359.

  3. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.

  4. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 2004 г., с. 319-359.

  5. СеитовЗ.С. «Биохимия», Алматы,2007 жыл, 199-257 бет.

Қосымша:

  1. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2 Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі. - Алматы, 2009 ж.

  2. Плешкова С.М. и соавт. «Методические указания для самостоятельной подгормонтовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии (вопросы, упражнения и ситуационные задачи)», Алматы, 2003 г., с. 30-34.

  3. Р. Марри, Д. Греннер, П. Мейес, В. Родуэлл «Биохимия человека», 1993.

  4. Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача» 1994



7. Бақылау:
Сабақтағы құзырлылықты бағалау әдістеріне кіреді:
Білім құзырлылығын бағалау: ауызша сұрау, блиц-сұрақ, жазбаша бақылау кезіндегі студенттің берген жауаптары бойынша, шағын топта жұмыс жасау нәтижелері бойынша; үйге берілген жаттығуларды, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды тексеру арқылы жүргізіледі.
Жаттығулар:

  1. Амилаза қандай ас қорыту сөлдерінде кездеседі? Ол қандай реакцияны катализдейді?

  2. Мальтаза катализдейтін реакцияларды жазыңыз. Осы ферменттің қандай асқорыту сөлдерінде кездеседі?

  3. Лактаза катализдейтін реакцияларды жазыңыз. Осы ферменттің қандай асқорыту сөлдерінде кездеседі?

  4. Сахараза катализдейтін реакцияларды жазыңыз. Осы ферменттің қандай асқорыту сөлдерінде кездеседі?

  5. Қанмен бауырға келетін қан құрамындағы моносахаридтердің сапалық және сандық құрамы тұрақты ма? Ол неге байланысты?

  6. Бауырда өтетін гликоген фосфоролизі басқа ағзалар мен тіндердегі гликоген ыдырауына қарағанда немен ерекшеленеді?

  7. Глюкоза неліктен гликоген түрінде қорға жиналады?



Жағдайлық есептер:

  1. Қан құрамындағы глюкозаның мөлшері 1) 2,0 және 2) 8,5 ммоль/л тең. Осы жағдай қалай аталады? Аталған глюкозаның мөлшерінде бауырда қандай үрдіс - гликогеногенез немесе гликогенолиз - күшейеді?

  2. Тамақтанғаннан кейін 1 сағат өтті. Қақпа венасының, перифериялық қан тамырларының қанында қандай көмірсулар және қанша мөлшерде анықталады?

  3. Неге лактаза ферментінің активтілігі төмен болатын адамдарда сүт ішкенде іші өтетін болады, ал айран ішсе – өтпейді?

  4. Науқаста бұлшық еттің гликогенфосфорилазаның зақымданғаны анықталды. Осы адам ұзақ уақытта шаршамай дене шынықтыру жаттығуларын жасай алады ма? Себебін түсіндіріңіз.

5. Науқаста В1 витаминінің гиповитаминозы байқалады. Көмірсулар алмасуында қандай өзгерістер болады?
6. Науқас үйреншікті емес ауыр жұмыс жасағандықтан, бұлшық еттері ауырады. Неліктен? Ауырсыну сезімін жеңілдету үшін не істеу керек?
7. Шамадан тыс гликолизде бауырдағы глюконеогенез жылдамдығы қалай өзгереді?
8. Гликолитикалық ферменттер мен цитрат циклінің ферменттерінің активтілігі төмендегенде организмде қандай биохимиялық өзгерістері байқалады?
9. Спортшы қысқа қашықтыққа өте жақсы жүгіретінін көрсетті. Көмірсулар алмасуының қандай сатылары спортшыда жақсы қызмет көрсетеді?
10. Студент биохимия сабағына кешікпеу үшін 20 минуттай жүгірді. Осы кезде бұлшықетті глюкозамен қамтамасыз ететін қандай механизм? Оған сипаттама?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет