1. Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Заттар алмасуы. Көмірсулар алмасуы. Көмірсулар алмасуының сатылары. Қан плазмасында гюкозаның мөлшерін анықтау (глюкозооксидазды әдіс және глюкометр арқылы) қанқа бұлшықетінің анаэробты гликолизін анықтау.
2. Лабораториялық жұмыстар. Қан плазмасында гюкозаның мөлшерін анықтау (глюкозооксидазды әдіс және глюкометр арқылы) қанқа бұлшықетінің анаэробты гликолизін анықтау
2. Мақсаты: 1. Студенттердің тақырыпты білу тереңдігін және түсінуін анықтау.
2. Қан плазмасында гюкозаның мөлшерін анықтау (глюкозооксидазды әдіс және глюкометр арқылы) қанқа бұлшықетінің анаэробты гликолизін анықтау әдістерін білу.
3. Глюкозаға толеранттылық тесттерімен таныстыру
4. Қанқа бұлшықеттерінде қарқынды анаэробты гликолиз және осы процес нәтижесінде түзілетін лактат тұралы білімдерді қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері: Студенттерді энергия алмасуы және көмірсулар алмасуы кезінде алған білімдерін келесі тақырыптарды оқыған кезде пайдалануды үйрету.
Осы тақырыптардан алған білімдерді жағдайлық есептерді шығарған кезде пайдалануды үйрету.
Студенттерді қандағы глюкозаның мөлшерін замануи глюкозооксидазды тәсілімен және глюкометрмен анықтау тәсілімен үйрету.
5. Студенттерді глюкозаға толеранттылық тесттерімен таныстыру
6. Студенттерді пробиркада анаэробты гликолиздің моделін жасауды үйрету.
7. Қандағы сүт қышқылының мөлшерін анықтауының диагностикалық маңызымен таныстыру
8. Студенттердің қандағы глюкозаның мөлшерін анықтауды, жұмыстарға нәтиже жасауды, теориялық білімдерін пайдалануды үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Метаболизм, және оның сатылары
2. Тағам көмірсулары, жіктелуі, маңызы. 3. Көмірсулардың ас қорыту жолдарында қорытылуы, көмірсулардың қорытылуына қатысатын ас қорыту сөлдерінің ферменттері. 4. Көмірсулардың сіңірілуі, механизмдері, жеке моносахаридтердің сіңірілуі жылдамдығы. 5. Гликогеногенез. Бұл үрдіс қалай жүзеге асады? Маңызы. 6. Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары: фосфоролиз және гидролиз, маңызы. 7. Бауырда өтетін фосфоролиздің ерекшелігі. 8. Глюконеогенез, осы үрдістің маңызы. Қандай тіндерде басымырақ өтеді? Глюконеогенездің жанама жолдары. 9. Қан құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Гипергликемия, гипогликемия, глюкозурия, глюкозаның «бүйрек межесі (шегі)» туралы ұғымдар. 10.Глюкозаның катаболизмі. Тіндердегі глюкозаның тотығу жолдары. 11. Глюкозаның анаэробты жағдайда ыдырауы. Гликолиз немесе гекзофосфатты жол. 12. Кори циклі, осы процестің маңызы. 13. Глюкозаның анаэробты гликолитикалық тотығуының энергиялық балансы. 14. Глюконеогенез. Осы процестің маңызы. Қандай тіндерде қарқынды өтеді? Глюконеогенездің жанама реакциялары. 15. Глюкозаның аэробты жағдайда гликолитикалық жолмен тотығуы, сатылары, энергиялық балансы. 16. Шөрнек механизмдері. Пастер эффектісі 17. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы. 18. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуының маңызы. 19. Глюкозаның пентозофосфатты және гликолиз жолымен тотығуының ұқсастығы мен айырмашылығы. 20. Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі. 21. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олар түзілетін процестер.