Тақырып: Тәнтану курсының мазмұны, құрылымы 1.Тәнтану биологиясының мазмұны
2.Тәнтану курсында өткізілетін тәжірибелер ерекшеліктері
Дәріс мақсаты:Тәнтану курсының мектепте оқытылуының ерекшеліктеріне тоқтай отырып, жаңа ұғымдарға сипаттама беру,тәжірбиелерге тоқталу.
Ұғымдар:генетика,эмбрион,эмбриология,гистология.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны 1Тәнтану биологиясының мазмұны. Тәнтану биологиясы оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.Тәнтану биологиясының мақсаты адам ағзасының тіршілік құбылыстары мен құрлысы туралы жүйелі,ғылыми материалдарды оқушыларға беру.Адам ағзасының құрылысы мен қызметін оқытуда, медицина ғылыммен байланыстылығы мектеп оқушысының кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек көрсете алатындай білім мен білікін қалыптастырады.Зерттеу обекьтісі ретінде адам алынған.Басқа тірі ағзалар сияқты адам ағзасыныңда негізгі қызметі зат алмасу,ассимиляция мен диссимиляция.Органикалық дүниенің дамуында адам дамуы жоғарғы дәрежеден көрінеді.
Тәнтану биологиясы бірнеше пәндердің негізінде құрылады, гигиена, физиология, эмбриология,гистология.Тәнтану курсы ағзаны құрайтын жасушалар,ұлпалар,мүшелер, мүшелер жүйесіне тоқтағннан кейін олардың құрлысы мен қызметі қаралады. Адам ағзасының жеке мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігі мен реттелуінен кейін ішкі секреция бездері беріледі.Мектеп оқулығының мазмұны-Жүйке жүйесі,сезім мүшелері,тірек-қимыл жүйесі,қан және қан айналым,тынысалу жүйесі,асқорыту жүйесі,зат пен энергия алмасу,зәр шығару жүйесі,терінің құрлысы мен қызметі,адамның көбеюі мен дамуы,мінез-құлық және психика тарауларынан тұрады. Әр тақырыптың соңында білім тексеруге арналған деңгейлік тапсырмалар, «біліміңді тексер»бағытындағы қорытынды сұрақтар,тапсырмалар,зертханалық жұмыстар,биологияны тереңірек білгісі келетін оқушыларға арналған қосымша материалдар,сызба нұсқалар мен кестелер берілген.Оқулықта тақырыпқа сай суреттер түрлі-түсті бояумен көрсетілген.
Әрбір адам өз ағзасының жеке мүшелерінің құрлысы мен қызыметін білу керек.Адам баласы өз ағзасын толық білгенде ғана жеке басының денсыулығын қорғай алады.Сондықтанда тәнтану пәнінің мектепте оқытылуының маңызы зор.
2.Тәнтану курсында өткізілетін тәжірибелер ерекшеліктері Тәнтану курсында өткізілетін зертханалық жұмыс 1.«Жасушалар мен ұлпалардың микропрепаратын микроскоппен көріп талдау»тақырыбынан басталады.Мақсаты:дайын препаратты қарап,жасушалардың,ұлпалардың құрлысымен танысу.Ұлпалардың 1-1-нен айырмашылығын айыра білу.Микропрепараттан көрген жасушасы мен ұлпа топтарының суретін кітаппен салыстырып дәптерге суреттерін салу. 2. «Тізе рефлексін бақылау»тақырыбын дағы зерт.жұмыс,мақсаты:оқушыларға«рефлекс»,«рефлекстік доға»туралы ұғымды меңгерту және нейрон топтарын ажыратып,дәптерге суретін салу. Мектеп оқулығындағы жұмысты нұс- қау бойынша орындап,рефлексті бақылау.3.«Жүйке жүйесімен танысып,талдау»тақ.зер.жұмыс мақсаты:адамның жүйке жүйесінің құрлысы туралы түсінік беру.Жұлын мен мидың құрылысын кесте және оқулықтағы суреттер бойынша талдау.Ми қыртысының аймақтарымен таныстыру керек.Мұғалім таблицаларды пйдалана отырып әңгімелейді.Жүйке жүйесінің құрылысы схемасын сызып сабақты бекітеді.