Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар



бет58/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:
1. Тәнтану биологиясының мазмұнына сипаттама бер.
2. Тәнтану биологиясының нешінші кластарды қамтыған.
3. Тәнтану биологиясында өткізілетін зертханалық жұмыстарды ата.
4. Зертханалық жұмыстардың сабақтағы орынын анықта.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Е.П.Брунов. «Уроки по анатомии,физиологии гигиене человека» Просвещение 1968г.
2.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.
13 дәріс
Тақырып: Тіршіліктану курсынын оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары
1.Тіршіліктану пәнінің міндеті және мазмұны
2.Тіршіліктанудағы оқу материалдарын іріктеу принциптері.
Дәріс мақсаты: Тіршіліктану курсының мектепте оқытылуының ерекшеліктеріне тоқтай отырып, жаңа ұғымдарға сипаттама беру,тәжірбиелерге тоқталу.
Ұғымдар:оогенез,сперматогенез,жасуша химизімі.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1.Тіршіліктану пәнінің міндеті және мазмұны.
Тіршіліктану курсы 10-11кластарда оқытылады.Пәннің негізгі міндеті-оқушыларға тірі ағзаның негізгі заңдары мен қасиеттерін,ағзаның жеке және тарихи дамуын түсіндіреді,биологиялық құбылыстар мен процестерді және биология ғылымының келешегіне тоқталады. Тірш. курсы басқа пәндермен,әсіресе химия мен тығыз бай-ты.Курс үлкен ғылыми материалдарды қамтиды.Тірш-у курсының алдына оқушыларға тиянақты білім беру ғана емес, оқып отырған материалға толық сенім туатындай етіп тәрбиелеу міндеті қойылған. Тірш. курсының мазмұны бүгінгі таңғы биология ғылымының осы заманғы даму дәрежесіне сәйкес келеді.Бұл курста табиғатта үнемі жүріп отыратын табиғи сұрыпталу процесі нәтижесінде түрлердің пайда болуы Дарвин ілімін баяндау мәселесі қалпына келтірілді.Дарвиннің өзі түсіндіргендей тіршілік үшін күрес-түрлі формадағы биологиялық бәсеке қарастырылады. Жалпы биология курсының жаңа мәселелерін қамтитыны,және биология ғылымдарының негізін сақтайтындығы айқын көрінеді.Тірш-у курсының мазмұны 1-1не байланысты мынадай тақырыптарды қамтиды.1.Кіріспе.2.Цитология негіздері.3.Жасушаның құрлысы мен қызметі.4.Жасушадағы зат алмасу.5.Ағзалардың көбеюі және жеке дамуы.6.Генетика мен селекция негіздері.7.Өзгергіштік.8.Эволюциялық ілім.9.Органикалық дүниенің даму жолдары. 10.Адамның шығу тегі.11.Экология және биосфера туралы ілім.12.Биосфера эволюциясы.
Тақырып соңында пысықтауға арналған сұрақтар,тексеруге арналған сұрақтар,зертханалық жұмыстар берілген.Оқушылар өте күрделі тақырыптарды меңгеруге тірі табиғат дамуының жалпы теориясы білімімен,оргаиикалық дүниенің дамуы туралы біліммен қаруланады.
Курстың мазмұны тірі табиғат дамуы заңдылығын зерттеудің төрт дәрежесіне –жасушалық,молекулалық,ағзалық және ағзадан тысқары сүйенеді.
2.Тіршіліктанудағы оқу материалдарын іріктеу принциптері
Тіршіліктану курсының материалдары педагогикалық талаптарға сай дұрыс іріктеліп құрылған.
Тіршіліктану курсын өткенде өсімдіктану,жануартану,тәнтанудан алған білімдеріне сүйену керек болады.Курста тақырыптарды өту тәртібі сабақ оқыту кезінде түсінікті дамыта беру жөніндегі әдістемелік теорияның талаптарына сай келеді. «Органикалық дүниенің дамуы»тақырыптарын өткенде табиғатқа,мектеп оқу-тәжірибе аймағына топсеруен жасауға барлық курс тақырыптарын өтуге қажет табиғи материалдар жинауға үлкен мүмкіншілік туады. Бұл аталған тақырыптарды күзде –курс басында өту уақытына қарағанда өткен класқа жақын және сондықтан оқушылардың бұдан бұрынғы жылдары басқа биологиялық пәндерден алған білімдерін қортуға және толық пайдалануға мүмкіндік береді.Мұғалімнің бірінші міндеті органикалық заттар жөніндегі оқушылардың басқа биологиялық курстардан алған білімін әсіресе тәнтанудан алған білімін пайдалану болып табылады.Кейін оқытушы био-қ маңызды заттар туралы ең қажетті химиялық білім көлемін іріктеп алады да,олардың химиялық мәніне тоқталмай қорытынды жасайды. (мыс: ақуыз,нуклейн қыш..химияда оқиды)Оқушылардың бейорг.-қ химиядан алған білімдерін пайдаланады. Осылайша жасуша химизмі түсіндіру жеңілдейді.Мыс:нуклейн қыш-ы молекуласы- ның құрлысын түсіндіру қиынға соқпайды себебі ол оқушыларға көмірсу құрамы-өсімдіктанудан, фосфор қыш.қалдығы бейорг-қ химиядан белгілі.Курс оқу пәні ретінде мазмұны әдістемесі және материалдарды орналастыру логикасы оқушылардың жас ерекшелігіне,ақыл-ой жетілуі дәрежесіне сай келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет