Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны 1.Биологияны оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары. Әдетте ұйымдастыру бөлімінде сәлемдесу, оқушылардың жабдықтардыңкласс бөлмесінің сабаққа әзір екенің тексеру, келмей қалғаның аңықтау. Жұмыс жоспарын хабарлау енеді. Ұйымдастыру бөлімнің мақсаты сабақта жұмыс жағдайын туғызу. Сабақтың кезекті элементі үйге берілген тапсырманы тексеру. Ол қойылған мақсатқа қарай әртүрлі әдістермен өткізіледі. Мысалы:жеке дара шаппай немесе қарама жауап алу. Ауысша тексеру арқылы өткізуге болады. Әсіресе жекелеп сұрау көп қолданылады. Сабақтың үш элементі жаңа материалды баяндау. Ол мұғалімнің баяндауынан, әңгімесінен көрнекіліктерді көрсетуінен, демонстрациялаудан және оқушылардың өздігінен жұмыс істеумен араласып отырған сөздік көрнекілік әдістері арқылы өтеді. Сабақтың 4 элементі жаңа материалды бекіту. Оны кейде алғашқы немесе ілеспелі бекіту деп атайды. өйткені ол жаңа материал баяндалған сол сабақ үстінде жүргізіледі. Ол мұғалімнің оқушыларға ең басты деген көңіл аударуларына көмектесетін сұрақтар қоюы арқылы жүреді. Ол сұрақтарға оқушылар жаңа ғана алған білімдерін қолданып, жауап береді. Кейбір жағдайларда жаңа материалдар бұрын меңгерілген біліммен де байланысты болады. 5 элементі үйге тапсырма беру. Сабақтың бұл бөліміне тапсырманың мәнін және егер қажет болса, оны орындау жолын түсіндіру. Оны мұғалімнің тақтаға ол оқушылардың дәптеріне, күнделіктеріне жазуы енеді немесе тапсырманы ауысша айтуғаболады. Сабақтың 6 элементі оның аяқталуы. Ол ұйымдасқан түрде өтуге тиіс. өйткені сабақ мұғалімнің айтуы бойынша ғана бітеді.егер мұғалім сабақта жаңа күрделі материалды талдамақ болса, ол үй тапсырмасын тексермей сұрауды жаңа материалды оның алдынан өтілгенмен байланыстырады.
2.Биологияны оқыту түрлерінің арасындағы байланыс Негізгі білім немесе білімді тексеру, қорытынды. Білімді тексеру сабағы тақырыпты қаншалықты меңгергенің білу үшін және қай бөлімдерді нашар игергенің аңықтау мақсатымен жүргізіледі. Білімді тексеру сабағы оқушылардың іскерлігін байқау, ұзақ уақыт, ай, тоқсан ішінде материалды қаншалықты және терең меңгергенің аңықтау білімді тексеру, ауысша сұрау жйне жеке сұрау әдістерін пайдаланып, ол жазбаша түрде биологиялық диктант, сарамандық жұмыстар арқылы өткізуге болады. Биология курсында сабақтың әртүрлітиптер ара- қатынасы бірдей емес. Ол курсчтың мақсатына оқу- тәрбиелік мақсаты байланысты. Дегенмен жаңа материалды оқыту сабағы мен түсіндіру лабораториялық сабақ сияқты көбірек қолданылады.Сабақтың әртүрлі типтері мен түрлерінің құрлымы оқу материалының мазмұнына дидактикалық мақсаты әртүрлі әдістемелік құралды пайдалануға байланысты. Сабақтың кез- келген типінен оның буындары арасындағы байланысты аңықтаудың уақытты дұрыс бөлудің оның басты дидактикалық мақсаттарына бағынуының мәні зор. Ондай болмаған жағдайда сабақтың жалпы жүйесі бұзылады. Ол ұғымдардың дамуына оқушылардың ғылыми дүние-танымдық көзқарасының қалыптасуына теріс әсер етеді.