Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет94/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131
Әдістемелік нұсқаулар:Теориялық сұрақтарға берілген оқулықтар бойынша жауап беру
керек.
Негізгі схемалар, формулалар:Биологиялық ұғымдардың дамуы графигін құру.
Сұрақтар:1.Ұғымдардың білімді қалыптастырудағы маңызы.
2.Биологиялық ұғымдарға сипаттама бер.
3.Экологиялық ұғымдарға сипаттама бер.
4.Ұымның түрлерін жіктеп айтып бер.
Әдебиеттер: 1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж
2.Б.В.Всесвятский «Общая методика биологии» М, 1960ж.
Лабораториялық сабақ № 3
Тақырып: Биологияны оқыту процессіндегі сөздік әдістер.
1.6-шы сынып оқушыларына «Кіріспе» бөліміндегі «Тірі ағзалар» тақырыбына әңгімелесуді құрастыру.
2.«Биологиялық ғылымдар» тақырыбына әңгіме әдісін пайдаланып конспект жазу.
Мақсаты:Сөздік әдіс туралы дәріс материалы бойынша алған білімдерін одан әрі жетілдіру.
Тапсырмалар: Сөздік әдіске мына түрлер жатады: Әңгімелесу, түсіндіру, әңгіме, баяндау.
Әңгімелесу сұрақтарға оқушылар мен мұғалімдердің жауап беруі. Мақсатты әңгімелесу сұрақтан туындап, оған жауап берумен аңықталады. Әңгімелесудің нәтижесінде оқушылар мұғалімнің басшылығымен қорытынды жасап, шешімге келеді. Әңгіме оқушылардың білмейтін оқу материалынан болмау керек. Бұл бос уақыт өткізу. Әңгімелесу қорытынды, қайталау, жаңа сабақта өткен білімді жаңа біліммен байланыстыруда маңызды. Әңгіменің индуктивті құрылымы бірнеше ұқсас объектілер немесе құбылыстарды оқығанда құрылады. Егер материал оқушыға белгілі немесе түпкіліпті белгісіз болса, негізі белгілерден дәлелді, фактілерді табуда әңгіменің дедуктивті құрылымы түзіледі. Мысалы, гүлді өсімдіктердің тұқымда тұқымдасты сарамандық жұмыста әңгімелесу түрлері. Әрі қарай 3-4 тұқымдасты оқу ол дедуктивті. Яғни тақырыпты алғашқы түсіндіруде индуктивті әңгімелесу әрмен оқу материалын қорытындылауда дедуктивті әңгіме жалғасады.
Әңгіме биология сабағында құбылыстарды, процестерді, жаңалықтарды ашылу тарихын, ғалымдардың өмірін айтқанда қолданады. Ол әңгіме педагогикада сөздік, көрнекілік образға ие. Әңгімеде индуктивті болады. Фактілерді қарастырғанда, ал фактілерді қорытындылағанда дедуктивті болады. Әңгімедің түсіндіру ерекшеленеді.
Түсіндіру оқу материалының мазмұны қорытындысын айтуда, дәлелдемелерде қолданылады.
Дәріс орта сыныптарда сабақ бастына жүрмейді, 10-11 сыныптарда тіршіліктануды оқығанда сабақтын түгелімен оқу материалын түсіндірумен шектелмейді. Дәріс кезінде мұғалім оқушыдан сабақ сұрайды, үй тапсырмасын тексереді. 10-11 сыныптарда оқу материалдарының қиындығына байланысты әр түрлі сөздік әдістер қолданылады. Олар бір бірімен байланысты. Мысалы, әңгімелесу-әңгіме, әңгімелесу, дәріс, әңгіме-дәріс кезінде оқушылар сабақтың негізгі сұрағын түсіну керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет