Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет64/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны. 1.Сабақтың сипаттамасы
Сабақ мемлекеттік бағдарламаға тұрақты сабақ кестесіне сай мектеп оқу орындарында бірдей жастағы балалар ұжымы мен мұғалімнің ұйымдастырған оқу- тәрбие жұмысы. Биология сабағында мұғалімнің басқаруымен оқушылар, жүйелі мемлекеттік бағдарламалардың тобына сай теориялық білім практикалық дағды білікті алуы және жан- жақты жеке дамуы жүзеге асады. Сабақта жас ұрпақтың дүниетанымдық негізі қаралады. Негізгі оқу материалы сабақта оқылады. Онымен басқа биологияны оқыту түрлерімен ( топ серуен ) тәжірибе қою, тірі табиғи бұрышты бақылау, кеш өткізу сыныптан тыс оқу байланысты. Сабақта мұғалімнің басқаруымен оқушылар білімнің қарапайым сатысынан күрделіге аяқ басады. Логикалық ойлауға үйренеді. Биологиялық ұғымның құрамын ескере отырып, мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқу материалын берудің әдісін тандайды. Сол сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз етеді. Жергілікті жердің маусымдық ерекшелігіне байланысты мұғалім қандай үлестірме құралдарды міндетті түрде жинап алу қажет, тірі табиғат бұрыш үшін қандай өсімдіктер мен жануарларды қай уақытта жинап алу қажет, қай кезде топ серуен өткізуге мұражайға баруға болады соның барлығын ескеру қажет.Мұғалім қандай сарамандық жұмыс тәжіребелерді дасап, демонстрациялауды сабақты қай кезінде пайдалану қажеттілігі ғылыми кеш, конференция өткізуге болады, қай әдебиеттерді, сыныптан тыс оқуға ұсыну қарастыру қажет. Барлығын алдын- ала қарастырып жоспарлауы қажет. Тақырыпқа сағаттарды бөлу, жылдық жоспар құру кезінде өтілу мерзіміне мейрамды күндер тура келсе, оны ескеру керек. Мұғалім тақырып бойынша бағдарламалардан ауытқуы мүмкін. 1 сағат 2 сағатқа көбейтуге көп сағат берілгендерді азайтуға.
2.Сабақтың түрлері мен типтері
Сабақтың негізгі екі түрі бар: дәстүрлі және дәстүрсіз. Әрбір сабақ белгілі класс үшін дәл осы пән бойынша өткізілетін сабақтар жүйесіне ене отырып, сонымен бірге оқу процесінің аяқталған буыны болып табылады. Сабақ типологиясы әрі қиын, әрі күрделі мәселе. Оның типологиясы мен құрлымы туралы педагогикалық баспасөз беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді. Педагогикалық тұрғыдан алғанда биология сабағының типтері төмендегідей: - кіріспе - жаңа білімді игеру - білімді қабылдау және бекіту
- білімді тексеру - білімді қайталау және қорыту .Сабақ біртұтас бола отырып, мұғалімнің класпен жүргізетін жұмысынын оп- оңай бөлшектенетін біртұтас кезендерінен тұрады. Сабақтың оңай ажыратылатын бұл бөлімдері сабақ элементтері деп аталады. Кейбір сабақтарға элементтердің барлығы ал екіншілеріне тек кейбірі ғана енеді. Қазіргі кезде сабақ құрлымына аса көңіл бөлінуде. Сабақ құрлымы сабақ тұтастығын қамтамасыз ететін оның элементтерінің жиынтығы. Әрбір сабақтың құрлымы оның мақсатына, оқылатын материалдық мазмұнына, оқытудың әдістері мен тәсілдеріне оқушылардың дайындық деңгейіне тәуелді болады. Әртүрлі сабақтар құрлымыныңұқсас болуы мүмкін емес, ең алдымен құрлымына барлық негізгі элементтер енетін аралас типті сабақты таңдап көрелік. Ол мынадай кезеңдерден тұрады:Ұйымдастыру кезені. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Жаңа материалды баяндау. Жаңа материалды бекіту, қорытындылау.Үйге тапсырма.Бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет