Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары



бет3/8
Дата20.11.2023
өлшемі102,22 Kb.
#192208
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары.

Биосфера биомассасы
Биосфера биомассасы үш тіршілік ету орны бойыншы анықталады: литосфера, гидросфера және атмосфера.
Литосфера биомассасы
Литосфера биомассасы негізінен өсімдіктермен пайда болған. Жануарлар мен микроорганизмдер үлесі оның суммарлық көлемінің 0,8%-ды құрайды. Биомассаның негізгі бөлігі оның беткейлік қабатында жинақталған, қалыңдығы бірнеше сантиметрден 2-3 метрге дейін болады. Өсімдіктер тамыры және оны мекен етушілер өте тереңге енеді. Жер қыртысының жырақтарынан анаэорбты бактериялар 2-3 км және 1-2 км мұхит тереңдігіне дейін түседі. Мұнай скважиналарынан анаэробты бактериялар 7,5 км тереңдіктен де табылған.
Топырақта өсімдіктерге қажетті биогенді иондар жеткілікті түрде кездеседі. Грунтта сапрофагтардың детритті тізбектері пайда болады, олардың әрекеті салдарынан детрит гумусқа айналады. Гумус коллоидты күйде болады. Оның жеке бөліктері лайға, өзге топырақтардың минералды бөліктеріне жабысады да, минералды-гуминді кешен түзеді.
Гумификация процестерімен қатар минералдану процестері қатар жүреді. Редуценттер органикалық қосылыстарды бейорганикалық түрге айналдырып, оның құрамында өсімдіктерге қажетті минералды заттардың мол қорын жинақтады.
Топырақ түзілу барысында топырақ профилінде көрінетін кеңістік қабат байқалады. Оны түрлі тереңдіктерден алынған үлгілерді зерттеу арқылы анықтайды. Топырақ профильдерінің негізгі 3 қабатын ажыратады:
Гидросфера биомассасы
Гидросфера суының 97,4 %-ын тұзды сулар құрайды. Оның құрамында 96,5% Әлемдік мұхит сулары және 0,9% тұзды жерасты және көл сулары. Тұщы су үлесі 2,6% кұрайды. Бұл атмосфера сулары, өзен, көл, теңіз, мұздық, жерасты, топырақ және жануарлар мен өсімдіктердің құрамындағы сулар. Әлемдік мұхит ауданы жер бетінің 70,8% көлемін алады.
Гидросфераның негізгі ортасы тіршіліктің дамуына қолайлы әсер ететін бірнеше қасиеттерге ие.
Су — жақсы еріткіш. Онда оттегі және көмірқышқыл газы ериді, бұл жануарлар мен өсімдіктер тіршілігі үшін өте маңызды. Судың қату тем- пературасы °С, ал 4 °С-та тығыздығы жоғары болады. Сол себептен мұз судың бетінде қалқып жүргенімен, оның астында тірі организмдер тіршілік жалғастырады.
Судың жоғарғы жылу өткізгіштігі су ортасының температурасын жылдың түрлі мезгілдерінде реттеуге қабілетті. Ал су массасының үздіксіз қозғалуы салдарынан Әлемдік мұхиттардың тұрақты физикалық- химиялык құрамы сақталмайды.
Мұхиттарда биомассаның таралуы оның құрылымына байланысты. Мұхитта плагиаль, су беткейінен түбіне дейінгі қабатты құрайды, бенталь — мұхит түбі деген қабаттарды ажыратады.
Фитопланктон беткейлік суларды 50 — 100 м тереңдікке дейін мекен етеді. Ол түрлі балдырлардан тұрады, мұхиттағы органикалық заттардың
негізгі продуценті саналады. Фитопланктондардың көп болуы су бетінде биогенді қосылыстар мен жақсы күн сәулесінің түсуіне байланысты. Фито­планктон өнімділігі қарқынды болса, мұхиттағы барлық тірі заттан он есеге артық болар еді. Оның биомассасы үлкен емес. Себебі зоопланктондар ірі жануарларға тез қорек болады. Зоо­планктон және планктонды бактериялар судың барлық қабаттарын мекен етеді, алайда су тереңдеген сайын, оның саны күрт төмендейді. Теңіз планктондарына түрлі шаяндар, көптеген қарапайымдар, ішекқуыстылар, моллюскалар, балық уылдырықтары басымдылық танытады.
Нектон су қабаттарында белсенді жүзетін, үлкен кеңістікке орын ауыстыра алатын организмдер жатады. Оларға балық, басаяқты мол­люскалар, теңіз тасбақалары, жыландар жатады. Нектонға, сонымен қатар, құрлықта көбейетін, бірақ суда қоректенетін жануарлар да жатады: ескекаяқтылар, пингвиндер және т.б. Нектонға ірі жануарлар кіргенімен, оның биомассасы планктон массасынан 20 есе аз болады.
Мұхит түбін мекендейтін орга­низмдер жиынтығы бентосты құ­райды. Оның құрамына: теңіз жұлдызы, теңіз лилия, моллюска, көпқылтанды буылтық құрттар, кейбір балықтар, бактериялар, төменгі саңырауқұлақтар кіреді. Кейбір бентосты жануарлар субстратқа бекінеді, кейбіреулері еркін қозғалып жүреді.
Материктік шельфке жақын орналасқан аймақта бентостар тығыз мекен етіледі. Бұл аймақтарда температураның күрт ауытқуы, су және ауа алмасу жүреді. Судың беті мен түбінің қабаттарының ауысуы биогенді элементтерге бай қалдықтардың орын алмасуына алып келеді. Қатты түбі бар аймақтардың продуценттері жақсы бекітілген, онда қоңыр, қызыл және жасыл балдырлар жиі кездеседі.
Мұхиттық аймақтардың биомассасы жағалаумен салыстырғанда 10 — 100 есеге аз болады. Әсіресе ашық теңіздердің тропиктік жылы су алмасуы мардымсыз жүреді.
Биологиялық өнімділіктің артуы аквеллинг аймағында байқалады. Бұл аймақтар маңызы зор саналады. Бен­тос биомассасы материктік шельфте жоғары болады. Мұхит тереңдігінде тіршілік шарттары түрліше болады. Жарық жоқ, температура 1 — 2 °С, гидростатикалық қысым 300 — 600 атм. құрайды. Қорек ретінде детриттер са­налады. Оның фаунасы белгілі көптеген жануарларды қамтиды. Бұл «оазистер» тіршілік негізіне көптеген хемосинтез процестері жатыр. Күкіртсутек, марганец және темір қосылыстарын тотықтырып, бактериялар алынған энергияны жарық қатысынсыз органикалык қосылыстар синтезі үшін алынған энергияны жұмсайды.
Гидросфера биомассасы құрлық биомассасынан 80 есе төмен, адам рационына шаққанда оның үлесі 2%- ды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет