Эпидемиологияның ең маңызды міндеттерінің бірі қауіп қатер факторы болып табылады.
Медицинадақауіп қатер факторы – бұл аурудың пайда болуына мүмкіндік туғызатын фактор (мысалы, темекі тарту - жүрек талмасы немесе қатерлі ісікке алып келетін қауіп қатер факторы, су жүйесіндегі болатын апат – іш өту ауруына алып келетін қауіп қатер факторы).
Ауру асқынуындағы қауіп қатер факторын сандық жағынан бағалау үшін корреляциялық талдау әдіс қолданылады.
Корреляциялық талдау
«Корреляция» терминін алғаш рет француз палеонтологы Ж. Кювье енгізді, ал статистикада оны Ф. Гальтон алғаш қолданды.
Ж. Кювье
(1769 - 1832)
Ф. Гальтон
(1822 - 1911)
Корреляцилық талдау – бұл екі немесе одан көп кездейсоқ шамалардың арасындағы байланыстың тығыздығын және бағытын анықтайтын сандық әдіс.
Тура корреляциялық байланыс – бір айнымалының артуы басқа айнымалының артуына (су құбырындағы судағы стандартты емес сынамалар артқан кездеде, іш сүзегімен аурудың артуы) байланысты болатын байланыс.
Кері корреляциялық байланыс – бір айнымалының кемуі басқа айнымалының артуына («В» сарауруына қарсы екпе жұмысының ауқымын көбейткен сайын, онымен ауыратындардың кемуі) байланысты болатын байланыс.
Сызықты (жұптасқан Пирсонның) корреляция коэффициенті – байланыстың күшін және бағытын сипаттайтын көрсеткіш:
мұндағы rxy – корреляция коэффициенті,
х, у – корреляцияланатын қатар,
, - орташа шамалар.
Жұптасқан корреляция коэффициенті параметрлік коэффициент болып табылады.