Биотехнология және гендік инженерия келешегі Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану


Қоршаған орта және энергия ресурстары



бет2/25
Дата25.12.2023
өлшемі60 Kb.
#199170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
2 5458366089857608822

Қоршаған орта және энергия ресурстары
Төменде берілген екі мәтінді оқып ,тапсырманы орындаңыз
А мәтіні:ғаламтор мақаласынан үзінді
Қоршаған орта және дәстүрлі энергия ресурстары
Адам табиғаттың бір бөлшегі,әрі ғажайып туындысы. Адам Жер-Ананың перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу,оны аялау адамның азаматтық борышы. Қазіргі заманда адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделенді. Адам санасының өсуі,өнеркәсіптің тез өркендеуі,ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда. Бүгінде жер беті экологиялық апатты аймаққа айналды.
Ең өткір экологиялық мәселелер: климаттың өзгеруі, қышқылды жауын-шашын, қоғамдық ортаның ластануы, өндіріспен немесе энергияны пайдалануға тікелей немесе жанама түрде байланысты органикалық отындардың қарқынды сарқылуы. Сондықтан энергетикалық мәселелерді шешу негізгі- экологиялық мәселелерді шешу мүмкіндігіне байланысты.
Энергияны үнемді қолдана отырып, онымен тікелей бәсекеге түсе алатын басқа да энергия түрлері – су, жел, күн т.б энергияларды пайдаланудың да маңызы өте зор. Дәстүрлі энергия көздері – қоршаған ортаға зиянды,әрі шектеулі. Баламалы энергия көздері – қоршаған ортаға қауіпсіз, шектеусіз, экологиялық таза және оны алу жолдары қиын емес. Дəстүрлі энергия көздерінің қоры шектеулі, ерте ме, кеш пе, ол таусылады. Ғалымдардың пайымдауынша мұнай жəне газ қоры -80, көмірсутекті шикізат қоры -100 жылға жетерлік деп болжануда. Органикалық отындар қоры бітпеген күннің өзінде, олардан энергия алу технологиялары жаңартылмаса, онда жылулық ластану, қатты жəне сұйық қалдықтардың бөлінуінен, қышқыл жаңбырлардың əсерінен ғаламдық экологиялық дағдарыс туады. Технологиялық жаңару энергияның қымбаттауына əкеледі. Сондықтан энергия – қажет, əрі қымбат болса энергетикалық дағдарыс туындайды. Əрине, энергия үнемделу керек, бірақ оның көзі де сол болу керек.


Ә мәтіні :газет мақаласынан үзінді
Балама энергия көздері
Энергияның балама түрлері күннің, желдің, биоотынның және басқа да көздердің күшін пайдалану арқылы алынады. Балама энергияның басты артықшылығы – алынатын энергия көзінің қалыпқа келе алатындығында немесе белгілі бір шектеулі ресурсқа тәуелді еместігінде және қоршаған ортаға қауіпсіз, шектеусіз, экологиялық таза және оны алу жолдары қиын емес.
Жақын болашақта балама энергия көздері мұнай мен газдың орнын алмастыруы тиіс. Қазіргі кезде қалыпқа келетін энергияның ауқымы электр энергиясының әлемдік жалпы өндірісінің 3% ғана құрайды. Кейде олардың кемшіліктері де кездесіп жатады. Күн электр станциялры көп жерді қажет етеді. Табиғаттың белгілі бір климатта тұруын қалайды. Жел энергетикасы негізінде энергия көзінің тұрақсыз болуы, құстардың өмірінің қауіпсіздігі, шуылының адамдар мен жан-жануарларға қолайсыздық тудыруы.
Осындай кемшіліктеріне қарамастан, қалыпқа келе алатын энергия көздеріне жағдай жасау арқылы экологиялық проблемаларды да шешуге болады. Көмір, мұнай өнімдері атмосфераға, қоршаған ортаға көп қалдық шығарады, адамдар мен жануарлардың тіршілік ету аумағын улайды. Соңғы кезде баламалы энергияға сұраныс артты, осы салаға құйылатын инвестиция да көбейіп келеді. Бұл жағдай балама энергияны пайдалану құнын болашақта арзандатуы тиіс.

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Баламалы энергия көздері адамзат баласының барлық энергетикалық сұраныстарын қамтамасыз ете ала ма?»деген тақырыпта эссе жазыңыз.Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет