«Биотехнология негіздері» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



бет1/3
Дата06.07.2022
өлшемі27,43 Kb.
#147315
  1   2   3
Байланысты:
Biotekhnologiya-negizderi
Строение пуповины в различные, 7. Социальные проблемы современного общества., ДЖ. тарих 1- нұсқа, Дүние жүзі тарихы 2- нұсқа, sor.-bzhb-himiya-7-synyp-1-tosan, 1537220745 (1), аза тілі. Жіктеу есімдігіні д рыс септелген атары, 52, 52, Дайындаѓан Баќынов Жєкен Оралѓазы±лы, 42116 01 Build Alt (1), The solar system 7d., Қ. тарих 2- тоқсан, “Қазақ тілі” мен “Қазақ әдебиеті” пәні бойынша жиынтық бағалауға-melimde.com

«Биотехнология негіздері»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
тест спецификациясы
(2022 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М082 – Биотехнология


3. Тест мазмұны «Биотехнология негіздері» пәні бойынша тақырыптарды қамтиды. Тапсырмалар қазақ тілінде берілген.





Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсырмалар саны

1

Биотехнологияның қазіргі жағдайы және даму перспективалары. Биотехнологияның даму тарихы. Биотехнологияның негізгі даму кезеңдері. Биотехнологияның басқа биологиялық және техникалық ғылымдарымен байланысы.

А

1

2

Биотехнологиялық үрдістің кезеңдері және биотехнологиялық үрдісті іске асыру негіздері. Биотехнологиялық үрдістің ерекшеліктері. Биотехнологиялық үрдістің кезеңдері. Биотехнологиялық үрдісті іске асыру негіздері.

А

1

3

Шикі заттың технико-экономикалық тиімділігі, өндірістік штамм микроорганизмдерінің соңғы өнімнің, асептикалық жағдайлардың және масштабтаудың технологиялілігі. Шикі заттың технико-экономикалық қолжетімділігі, өндірістік биологиялық нысандарды өсіру технологиясы. Өсімдік және жануарлар клеткаларынан әртүрлі өнімдерді алудың негізгі технологиялық ерекшеліктері.

А

1

4

Микроорганизмдер, жануарлар және өсімдік клеткаларының типтік тәсілдері және дақылдау ерекшеліктері. Дақылдау клеткаларының биологиясы. Азот, фосфор, көміртегі және микроэлементтердің негізгі көздері. Жаңа шикізат көздерін зерттеу (алдын ала өңдеу ерекшеліктерін қарастыру), жаңа қоректік орталарды дайындау, соның ішінде биостимуляторларды және биосинтез үрдістерін оптимизациялауда элементтерді басқару. Қоректік орталарды оптимизациялау әдістері.

А

1

5

Асептикалық жағдайларды қамтамасыз ету әдістері. Термиялық залаласыздандыру тәртіптері. Сұйық, ауа, құралдарды залалсыздандыру тәртіптері. Бақылау үлгілерін асептикалық алу әдістері.

А

1

6

Ферментация (биологиялық нысандарды дақылдау). Биосинтез шикізаты және оның биологиялық құндылығын бағалау. Ферментациялау үрдістерін масштабтау негізгі принциптері.

А

1

7

Өсімдіктер мен жануарлар клеткалық инженерия әдістері. Эмбриоинженерия және химераларды алу әдістері. Өсімдік клеткаларды сомалық будандастыру. Сомаклоналдық варианттар.

В

1

8

Өсімдіктер және жануарларды клондау технологияның әдістері. Құнды және жойылып бара жатқан өсімдіктердің жабайы түрлерін көбейту және дәрілік өсімдіктерін клондау әдістері. Апикалды меристема дақылы. Өсімдік материалын сауықтыру технологиясы және вируссыз көшет материалын алу әдістері.

В

1

9

Адам, жануарлар және өсімдіктерді жасанды ұрықтандыру әдістері. Өсімдіктерді in vitro ұрықтандыру (алшақ будандастыру кезінде прогамды сәйкессіздікті жеңу). Өсімдіктердің ұрық культурасы (эмбриокультура – түраралық будандастыру кезінде постгамды сәйкессіздіктен өткізу). Өсімдіктердің "жасанды" ұрықтарды алу. Трансплантация және эмбриондардың түраралық трансплантациясы.

В

1

10

Продуценттерді құрастыру әдістері: селекция, рекомбинантты ДНҚ алу әдістері, гибридомды технология. Рекомбинантты ДНҚ алу әдістері. Организм және жеке клеткалар деңгейіндегі генетикалық трансформация. Жануарлар, өсімдіктер және микроорганизм клеткаларына бөтен ДНҚ – ны еңгізу.

В

1

11

Ауыл шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер. Гаплоидты технология. Гаплоидты технология әдістерімен селекциялық үрдісті жылдамдату (андро- және гиногенез әдістері). Өсімдіктердің клеткалық селекция әдістері.

В

2

12

Иммобилизденген клеткалар және ферменттер. Иммобилизденген клеткалар және ферменттер. Жалпы сипаттамасы, биотехнологияда қолдану ерекшелігі. Негізгі тасымалдаушылардың жіктелуі және иммобилиздеу әдістері.

В

2

13

Биомасса, аминқышқылдар, ферменттер, антибиотиктер, бакпрепараттарды алудың типтік сызба нұсқасы. Органикалық қалдықтарды қайта өңдеу, ағын суларды тазалау. Органикалық синтез негізінде өсімдік, жануар және микробтық шикізаттардан тағамдық биологиялық белсенді заттарды алу әдістері. Шарап өндірісіндегі екіншілік шикізат өнімдерін қайта жасап шығару технологиясы. Органикалық қышқылдар өндірісі. Сүт өнімдерін даярлаудағы биотехнологиялық ерекшеліктер. Микробтық тыңайтқыштар және биопестицидтер өндірісі. Өсімдік биомассасынан тиімді азықтық препараттарды жасау.

С

2

14

Биологиялық белсенді қосылыстарды бөліп алу, тазалау және тестілеу. Соңғы өнімді модификациялау. Биосинтез өнімдерін тазарту және бөліп алу сатыларының типтік технологиялық әдістері. Тірі биопрепараттардың және биоөнімдерді кептіру. Биотехнология өндірісінің қалдықтары, оларды залалсыздандыру және утилизациялау.

С

2

15

Ген қорын in vitro сақтау әдістері. Генофондты сақтау. In situ, ex situ, in vitro гермаплазманың консервациясы (сақтау). Өсімдік және жануарлар нысандарды криосақтау (мұздатып сақтау). Криосақтаудың тәсілдері: баяу және тереңдік мұздату, жылдам және бақылау жағдайда мұздату. Криопротекторлардың түрлері.

С

2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет