66
меңдуананың триптофанды 44 есе жоғары синтездейтін жасуша
линиялары алынған. In vitro өсірілген жасушалардың арасынан
нақтылы бір селективтік жағдайға сəйкес өзгеріске ұшырап,
пайдалы қасиетке ие болған жасушаларды көбейтіп сұрыптап
алуды
клеткалық селекция дейді. Əрбір жасушадан өсімдік
шыға алатын болғандықтан, клеткалық селекцияны қолданып,
өсімдіктердің жаңа пішіндерін тез алуға болады. Оларға бастама
болған жасуша белгілі бір төтенше факторға төзімді келсе, одан
шыққан өсімдікте көбінесе сол қасиетті сақтай алады (
8-сурет).
8-сурет. Жасанды ортада каллустан пайда болған регенерант-өсімдік
Клеткалық селекцияның артықшылығы:
• ауа райына жəне климат факторларына тəуелсіздігі;
• жасуша деңгейінде жасушалық популяцияны зерттеп тез
арада селекцияны (сұрыптауды) өткізу;
• уақыт пен егіс көлемінің үнемделуі.
In vitro өсетін жасушалық популяцияның əрбір жасушасын
жеке организм деп теңесе, бір тəжірибенің өзінде-ақ миллионда-
ған дарақпен айналысуға болады, ал дала жағдайында ең көп
дегенде ғалым мыңдаған ғана өсімдіктермен жұмыс істей алады.
Молекулалық жəне хромосомалық деңгейлердегі өзгерістері мен
организм деңгейінде белгілердің өзгергіштігі арасындағы байла-
ныстар туралы мағлұматтардың жеткіліксіздігі клеткалық селекция
жөніндегі зерттеулерге үлкен кедергі келтіреді, сондықтан бұл
жұмыстар көбінесе эмперикалық жолмен жүргізіледі.
67
Селекцияны (сұрыптауды) қажетті бір бағытта өткізу үшін,
яғни өсіп жатқан жасушалардың арасынан белгілі мутациялары
бар жеке жасушаларды сұрыптау үшін оларды арнайы селек-
тивтік ортада өсіреді. Сондай жағдайда тек мутант жасушалар
ғана өсе алады. Клеткалық селекцияны іске асыру үшін алдымен
өсімдік ұлпаларынан протопластарды бөліп алады немесе
каллус ұлпадан жасушалық суспензияны алады, содан кейін
стрестік факторы бар сүйық ортада өсіреді немесе агарланған
ортаға егеді. Стрестік фактор ретінде антиметаболиттерді, гер-
бицидтерді, тұздың гипертоникалық еретендісін, ауыр метал-
дарды, рН-тың төмен көрсеткіштерін, осмостық заттарды, төтенше
температураларды, патотоксиндерді қолданады. Селективтік
факторға төзімді клондарды сұрыптау (төзімді клондарды
сұрыптап алады), төзімді каллус ұлпаны алады, органогенезді
индукциялау, регенерант өсімдікті алады, соңғы кезең төзім-
ділікті тексеру (төзімділікті тексергенде)
іn vitro жағдайында
ортадағы стрестік факторына жəне
экологиялық стрестік
факторына (яғни тірі патогендерге, топырақтағы ауыр метал-
дарға, қышқыл топыраққа, температураға, ылғалдылыққа) төзім-
ділікті тексеру болады. Сондай-ақ гормондарға, витаминдерге,
амин қышқылдарына прототрофтық немесе ауксотрофтық
жасушаларды сұрыптайды, яғни сол заттар ортада болмағанда
немесе болғанда ғана өсе алатын жасушалар іріктеліп алынады.
Клеткалық селекцияның екі: тура селекция жəне кері немесе
негативтік селекция сияқты негізгі əдістері бар.
Тура селекция
барысында өсімдік жасушаларды (немесе протопластарды)
стрестік зат қосылған ортаға егіп өсіреді. Біраз мезгілден соң
жасушалардың көбі бөліне алмай, өсе алмай құриды, тек
мутация немесе эпигенетикалық өзгерістер арқасында сол
факторға төзімділік көрсеткен жасушалар ғана тірі қалады.
Осындай тəсілді (тура селекция тəсілді) кейбір метаболиттерді
(мысалы, амин қышқылын) көп мөлшерде түзіп өндіре алатын
жасушаларды алу үшін қолданады.
Кері немесе негативтік
Достарыңызбен бөлісу: