Биотехнология негіздері


 Өсімдіктер сауықтыру технологиясы



бет36/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

3.2.6. Өсімдіктер сауықтыру технологиясы 
Вирустар қоздыратын аурулармен күресудің негізгі жолы, ол
аурудан таза, сауықтырылған көшет алу. Биотехнологиялық
əдістерді қолданылып вирустан тазартылған өсімдіктерді алуға
болады. Вирусы жоқ өсімдіктерді алу үшін апикальдық меристе-
маны өсіру əдісі қолданылады. Апикальдық меристеманы 
өсіру əдісі - өсу конусының ең жоғары ұшынан бір немесе екі
алғашқы жапырақ бастамасы бар оқшауланған бөлігін залалсыз-
дандырылған қоректік ортада өсіру əдісі. Бұл тəсіл вегетативтік
жолмен, яғни жыныссыз жолмен көбейетін өсімдіктерге қолайлы
болып келеді. Апекс - өсу конусының ең жоғары ұшыны. Апи-
кальдық меристеманы өсіру əдісімен бірге термоөндеудіхемо-
терапияны жəне вирустарды сарапқа салуды (тест өткізу)
табысты қолданылады. Егерде апекс бөлініп алынатын өсімдікті
жылумен өндесе, вирустың көбеюі тоқтап, өсіп шыққан
өркеннің ұшында вирус болмайды. Ал сол меристемадан өсіп
шыққан регенерант вирустан таза болады (10-сурет).
Жылумен өндегенде өсіп келе жатқан өркен ұштарында
вирустың көбею күшті тежеледі, сондықтан жаңадан пайда




71
болған меристема клеткаларында вирустың болмауы мүмкін.


Жылумен өндеу нəтижелі болу үшін донорлық өсімдіктерді
жоғары температурада (34-40
0
С) өсуге жақсы жағдай жасап
ұзағырақ ұстау қажет. Вирустардың 34-40
0
С температурасында
көбеюінің тежелуі зат алмасудың өзгеруімен байланысты. Сол
кезде жаңадан өсіп шыққан өркендердің ұштары вирустан алас
болады. Бірақ барлық өсімдіктер ұзақ мерзімді жылумен
өндеуге шыдамайды. Олардың өсуі бəсең келеді жəне басқа да
жағымсыз өзгерістер байқалады. Өсімдіктердің түріне байла-
нысты жəне вирустың түріне қарай эксплантты 7 күннен 7 аптаға
дейін жылумен өндейді. Сонымен қатар эксплант вирустарды
тежейтін, бірақ өсімдіктердің өсу қарқынын арттыратын заттар-
мен өнделеді. Танаптық жəне жеміс-көкөніс дақылдарын сауық-
тыру үшін термоөндеу, меристеманы өсіру жəне вирустық тест
арқасында сұрыптау тəсілдері аралас қосыла қолданылады.

10-сурет. Вируссыз көшет алу технологиясы (Уəлиханова Г.Ж., 2001)




72



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет