73
(пурпурлы күкірт жəне күкіртті емес бактериялар, цианобак-
териялар, жасыл балдырлар) микроорганизмдер де Ni
+
, Ru
2+
,
Cu
2+
, Cr
-
, Pb
4+
, Zn
2+
, Se
-
, Tl
+
, Te
+
, Ag
2+
жəне Au
2+
-ның
аккумуляциясына қабілетті екенін көрсетті. Бұл оларды лас
суларды ауыр металл иондарынан тазалау үшін де, қымбат
шашыраңқы металдарды (Pt
+
, Ru
2+
, Au
2+
жəне т.б.) алу үшін де
қолдануға мүмкіндік береді.
Пурпурды
бактериялар Rhodabacter capsulatus Cu
2+
, Zn
2+
,
Ni
+
-дің, ал
Rhodoseudomonas spp. түрлі түрлері Hg
2+
-ді де
аккумуляциялай алады.
Ectothiorhodospira shaposhnikovii пурпур
күкірт бактериясының биополимерлері электролизді өндірістің
лас суларының мырыш пен мыстың 99%-нан астамын акку-
муляциялайды. Сондықтан фототрофты микроорганизмдер мен
өсімдіктердің бірқатарын лас суларды ауыр металл иондарынан
тазалауымен бірге құрамында микроэлементозды ауруларды
емдеу үшін қажет металл иондары
бар гомеопатты препарат-
тарды алу үшін қолдануға болады.
Сонымен, физика-химиялық əдiстермен салыстырғанда био-
технологиялық əдiстердiң:
• өңдеудiң экологиялық қауiпсiздiгi, пайдаға асырудың
соңғы өнiмдерiнiң қоршаған орта үшiн зиянсыздығы;
• əртүрлi ластауыштарға қатысты жоғары бейiмдiлiк пен
ерекшелiк;
• оңтайлы еңбек көлемi жəне жұмыстар құны;
• қайта өңделетiн топырақтардың табиғи қалпы мен құнар-
лығын сақтау сияқты бiрнеше артықшылықтары бар.
Адамзат алдында тұрған ең өзекті экологиялық мəселелердің
бірі топырақтар санациясы, əскери полигондардың аумақтарын
тазарту жəне химиялық қаруды жою мəселелері
болып табы-
лады. Бүгiнгi таңда ауыр металдармен жəне басқа да элемент-
термен ластанған топырақтарды тазарту мəселесi ашық қалып
отыр. Металдарды өсiмдiктер жинау есебiнен топырақтардан
алып тастау үшiн
фиторемедиация тəсiлi iс жүзiндегi əдiстер-
дiң (экскавация, жуу) альтернативасы, атап айтқанда аз
шығындар салдарынан болып табылады. Өсiмдiктер есебiнен
жел
эрозиясы, нөсерлiк сулармен шығару жəне инфильтрация
əсерiнен ауыр металдардың таралуы азаяды. Өсiмдiктер мен
74
металдарды жинау үшiн фотобарлау мен кен орындарын əзiр-
леу, фитоархеология мен ризосүзу сияқты басқа да қолданулар
жолға қойылды.
Ресейде ғылыми-зерттеу, соның iшiнде қорғаныс, топырақ-
тар ремедиациясы жəне химиялық
қарудың детоксикациясы
кезiнде пайда болатын реакциялық массалар мен сұйық қалдық-
тарды өңдеудiң биотехнологиялық əдiстер (микроорганизмдер
мен өсiмдiктердi пайдалана отырып) əзiрленуде. Соңғы онжыл-
дықтар қоршаған ортаға тiрi организмдер үшiн жиi улы болатын
құрылымы жағынан əртүрлi синтетикалық органикалық қосы-
лыстардың (ксенобиотиктердiң) елеулi санының келiп түсуiмен
сипатталады.
Өсімдіктердегі көмірсуларды спиртке айналдырып, оны
энергия көзі ретінде пайдалану болады. Көмірсуларымен бай
өсімдіктерге: меласса, картоп, маниок, жүгерінің сабағы, топи-
намбур, бидай, арпа, қант камыс, ананас, қызылша, сорго
жатады. Қазiр осы дақылды өсiретiн 80 дамушы елдерде барлық
көздермен өндiрiлетiн энергияның 50% тек
қант қамысынан
өндiрiледі.
Өсімдіктер шикі затынан алынған этанолды жанар маймен
араластырғанда (1:9 немесе 1:4 арақатынаста) оны
биоотын
ретінде қолданылады. Мысалы, АҚШ-та 6-9% бензин жəне 1%
этанолдан тұратың газохол деген қоспаны автоиндустрияда
пайдаланады. Францияда жанар майдың құрамында 10% мета-
нол мен ацетонобутанол болады. Өсімдіктегі спиртті жанар
маймен қатар антифриз ретінде, экстрагент, бояуларды субстрат,
желім, пластификатор ретінде пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: