Биотехнология негіздері



бет44/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

Бақылау сұрақтары:
1. Сомалық будандардың ерекшілігі неде?
2. Сомалық будандастырудың артықшылықтары қандай?
3. Гибридомалар деген не?
4. Гибридомаларды алу тəсілі неде?
5. Моноклонды антиденелерді алу технологиясының негізгі кезеңдері
қандай?
6. Трансгенді жануарларды қандай əдіс арқылы алады?
7. Жануарларды клондау əдістері қандай?



87
3.4. Клеткалық биотехнологияны медицинада 


пайдалану 

Биотехнологиялық əдiстермен өндiрiлген фармацевтикалық


өнiмдердiң əлемдiк нарық биотехнологиялық нарықтың жарты-
сына жуығын құрайды. Дүниежүзiнде тек ғылыми-зерттеу
зертханаларымен қуатты өндiрiстiк базаның өзара əрекеттесетiн
кешендерi сыртқы нарыққа сапалы жəне бəсекеге қабiлеттi
өнiмдердi өндiредi. Елде iс жүзiнде иммунобиологиялық өнiмнiң
толыққанды нарықтың жəне өзiндiк өндiрiсiнiң жоқтығы, бiздiң
əлемдiк нарыққа шыға алмауымызға ғана емес, керiсiнше көп
жылдарға əлеуеттi импорттаушылар болуымызға əкелiп соғады.
Қазiргi уақытта дамыған елдерде биотехнологиялық жолымен
алынатын медициналық препараттардың бірі – қан препарат-
тары. Донорлық қан плазмасынан медициналық препараттарды
алу өнiмдi В жəне С гепатитiнiң, ЖҚТБ, соз жұқпалы аурулар
антигендерiмен ғана емес, сонымен бiрге цитомегаловирус жəне
Т-клеткалық лейкозбен жұқтырудың жолын кесетiн қатаң
бақылау стандарттарымен реттеледi. Алайда осындай қан пре-
параттарының өндiрiсi қазiргi уақытта осы заманғы талаптарына
сай деп есептеуге болмайды, өйткенi сапалы қан препараттары-
ның құрамында қабықсыз вирустар (А гепатиті, В 19 паравирус
жəне басқалар) болуы мүмкiн. Салыстырмалы бiрде-бiр жоқ
вирустарды тасымалдауда қан факторларының рекомбинанттық
концентраттары едəуiр қауiпсiз деуге болады. Қазiргi уақытта
рекомбинанттық та, плазмалық та тазартылған қан факторлары
өндiрілмейді. Экономикалық жағдай жұқпалы болуы мүмкiн қан
препараттарының өндiрiсiнде стандарттау қағидаттарын жеткi-
лiктi шамада iске асыруға мүмкiндiк бермейдi. Бұл медицина-
лық мақсаттар үшiн олардың синтезi мүмкiн емес немесе өте
қиын табиғи биореттеуiштер жəне биологиялық белсендi заттар.
Қазiргi уақытта гендiк-инженерлiк дəрi-дəрмек препараттары-
ның өндiрiсi биотехнологиялық фарминдустрияда жетекшi
сектор болып табылады. Жаңа биотехнологиялық өнеркəсiп
өнiмдерiнiң əлемдiк нарықта үлесi 18% құрайтын, ақшалай
3 млрд. доллардан астам гендiк-инженерлiк инсулиннiң өндiрiсi
ең iрi өндiрiс болып табылады. Соңғы жылдар iшiнде гендiк-
инженерлiк дəрi-дəрмектер нарық сауданың көш басы анемия,



88
жүрек-қан тамырлары жəне онкологиялық ауруларды емдеу


кезiнде қолданылатын түрлi модификациялары, рекомбинант-
тық эритропоэтин препараттары болған. Өте белсендi əзiрленiп
жатқан гендiк-инженерлiк өнiмдер арасында цитокиндер тобы-
ның препараттары – интерлейкиндер, сондай-ақ антагонисттер
интерлейкиндер рецепторлары бар. Бұл препараттар iсiкті,
асқынып кеткен аутоиммундық ауруларды, сондай-ақ қан
ауруларының ауыр түрлерiн емдеу үшiн тиімдi.
Қазiргi кезде мал шаруашылығында трансгеноздi iс жүзiнде
қолданудың: ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сапасын жақсарту,
ауруларға тұрақтылық, сүтте жəне басқа да биологиялық сұйық-
тарда рекомбинанттық белоктарды алу, ксенотрансплантация
үшiн шошқалардың генетикалық модификациясы, жануарлар
модельдерiн жасау перспективті мүмкiндiктерi қаралуда. Гендiк
терапия жəне биоөндiрiс үшiн сомалық трансгеноздi қолдану
талқылануда. Трансгендiк жануарларды жасау адамзат тарихы-
ның барлық ұзақтығында қақтығысқан көптеген мəселелердi
шешуге əсерiн тигiзедi. Бұл - ең алдымен азық-түлiк өндіру
жəне дəрi-дəрмек препараттарын жасау жəне оларды жеткiлiктi
көлемде алу мəселесi. Трансгендiк тышқандар, үй қояндары
жəне маймылдар генетикалық аурулар модельдерiн жасау жəне
гендік терапия тəсiлдерiн санауға мүмкiндiк беретiн зертхана-
лық құрал болып табылады. Бұл "жаңғыртылған" жануарлар
зерттеу ресурсы ретiнде канцерогенез табиғатын түсiнудi
жылдамдатуы тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет