91
вакциналар; микроорганизмдердің тіршілік əрекеті нəтижесінде
түзілген өнімдерден (мысалы, анатоксиндер) немесе оның инте-
гралды компоненттерінен тұратын субмикробты (корпускулярлы)
немесе
субвирионды вакциналар; ген-инженерлік вакциналар
яғни арнаулы жасуша жүйелерде микроорганизмдердің жеке
гендер экспрессияларынан түзілген өнімдер; химералық немесе
векторлық
вакциналар, мұнда қауіпсіз микроорганизмге протек-
тивті (қорғаныш) ақуыз синтезін бақылайтын ген ендіріледі,
нəтижесінде ақуыздың синтезі егілген организмде жүзеге асады;
синтетикалық вакциналар, бұл вакциналарда иммуноген ретінде
протективті ақуыздың химиялық жолмен алынған аналогы
қолданылады. Белгілі бір инфекцияға
қарсы иммунизацияға
арналған дара (моновакцинадан) вакциналарды біріктіріп,
құрамында бірнеше моновакциналар бар күрделі препараттар
дайындайды. Осындай поливакциналар (немесе ассоциациялан-
ған вакциналар) организмді бірнеше инфекцияларға қарсы
иммунитетпен қамтамасыз етеді. Мысалы, АКДС-вакцина,
оның құрамына адсорбты дифтериялық жəне
тырысқақ анаток-
синдер мен көк жөтелдің корпускулярлы антигені бар. Сонымен
қатар, полианатоксиндердің туыстары: ботулин пентаанатоксин,
гангренаға қарсы тетраанатоксин, дифтерия-тырысқақ дианаток-
син деген өкілдері бар.
Аттенуирленген вакциналарға жатады: туберкулезге қарсы
– БЦЖ, түйнемеге (сиырдың, қойдың ауруы – топалаң, ешкінікі
– кебенек, жылқыда – жамандат, түйеде – ақшелек, қарабез,
сиырда – қарасан ауруларға) қарсы – СТИ вакцина, полио-
миелитке қарсы (Полио Сэбин Веро) вакциналар, паротитке
қарсы вакциналар (Имовакс Орейон);
Инактивтеленген вакциналарға: менингококк инфекциясына
қарсы вакциналар, лептоспироздық, көкжөтелге қарсы вакцина-
лар, А гепатитке қарсы вакциналар, құтырғанға қарсы инактивті
вакциналар;
Суббірліктік вакциналарға: холероген–анатоксин, сіреспеге
қарсы анатоксин вакциналар;
Химиялық полисахаридті вакциналарға: ацеллюлярлы көк-
жөтел вакциналар, Менинго А+С, Тифим Ви, Пневмо 23 вак-
циналар;
Ген-инженерлік (рекомбинанттық) вакциналарға: ротавирусы
92
инфекцияға қарсы вакциналар, В гепатитке қарсы вакциналар,
т.б. вакциналар жатады.
Көптеген
балдырларда (төмен сатыдағы өсімдіктер биотех-
нологиясының нысаналары болып табылады) маңызды
иммуни-
тетті күшейтетін заттар синтезделеді. Бұл
заттар медицинада
кең қолдануда. Мысалы, спирулинаның биомассасында адамға
қалыпты тіршілік етуі үшін қажет барлық заттар бар. Спирули-
наның жоғары сапалы тағам өнімі, биологиялық белсенді
заттардың көзі ретінде, сонымен бірге фармацевтикалық жəне
косметикалық мақсаттарға шикізат ретінде қолданудың көп
жылдық ғылыми жəне практикалық
зерттеулеріне қызығушы-
лық белгілі.
Спирулина – жеңілсіңірілетін белоктардың (60-
70%), микроэлементтердің жəне дəрумендердің таңғажайып
көзі. Ерекше заттардың бірқатары - биопротектор, биокорректор
жəне биостимуляторлар – табиғи өнімнің басқа ешқайсысында
кездеспейді. Спирулина жиі ауыратын, əлсіз адамдарға өте
пайдалы. Ресей ғалымдарының тобы спирулина балдырынан
бөлініп алынған хлорофилдің биотехнологиялық
жаңа өңдеуін
жасады. Хлорофилл экстрактісі белсенді оттек бөлу есебінен
иммунитетті белсендіріп, қайта қалпына келтіреді жəне
күшейтеді. Бұл заттың патенттік атауы – «Радахлорофилл – С».
Спирулинада 10-нан 20%-ға дейін қанттар бар. Олар инсулиннің
минималды мөлшерімен ғана сіңіріледі. Спирулина – В
каротиннің құрамы бойынша ең бай, ол сəбізге қарағанда он есе
көп. Спирулинада маңызды витаминдердің – А, В, В
2
, В
3
, В
5
, В
6
,
В
12
, РР, С, Е, биотин, фолий қышқылы, инозитол, пантотенат,–
жинақталуы да аса маңызды. Дəріханадағы поливитаминдер
секілді
синтетикалық емес, керісінше, табиғи, тірі жасушадан
синтезделген витаминдер. Олардың қолданылуы əрине эффек-
тивті, тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: