104
табылады. 1975 жылы полимерлер қаптау үшiн қолданылуы
бойынша əйнек, қағаз жəне картоннан кейiн үшiншi орынға
шыққан. Барлық шығарылатын пластиктердiң 41% қаптауда
пайдаланылады, осы санының 47% азық-түлiк өнiмдерiн қаптауға
жұмсалады. Егер əйнек ыдысы тұтыну циклінда болса, ал қағаз
табиғи жағдайларда ыдырауға жатады, тұрмыстық қоқымның 40%
құрайтын синтетикалық полимерлерден жасалған қаптау iс
жүзiнде "мəңгi" – ол ыдырауға жатпайды жəне
пластмассалық
қоқыммен не iстеу жəне қалай болу керек мəселесi ғалымдық
экологиялық мəселеге айналып отыр. Пластмассалық қалдықтар
мəселесiн шешуде елеулi дəрежеде əлемдегi экологиялық жағдай
жəне жиырма бiрiншi ғасырдағы синтетикалық пластмассалар
өндiрiсiнiң дамуының қарқыны мен бағыттары тəуелдi болады.
Керiсiнше жағдайда, бiз өз-өзiмiздi пластмассалық қоқыммен көмiп
тастаймыз. Биотехнологияның дамуымен қатар қаптау материал-
дарын
алу технологиялары да дамуда, сонымен бiрге қаптаудың
функциялары кеңеюде. Азық-түлiк пен қоршаған орта арасындағы
инерттi, индифференттiк кедергiден қаптау қазiргi уақытта
өндiрiстiң факторына айналуда, өйткенi, оның көмегiмен:
1) өнiм құрамын өзгертуге бағытталған (бұл жағдайда қап-
тауды жасау үшiн иммобилденген ферменттер мен биологиялық
белсендi материалдар қолданылады);
2) азық-түлiк өнiмдерiн, олардың "өмiрiн" ұзартып, микроб-
тық бұзылудан қорғайды. Мысалға, "белсендi" қабықшадағы
шұжық өнiмiнiң сақталу мерзiмi 2-3 есе артады;
3) қабықша iшiнде тиiмдi газдық ортаны жасайды, бұл азық-
түлiк өнiмдерiн модификацияланған жəне реттелетiн ортада
сақтау кезiнде кеңiнен пайдаланылады;
4) микротолқындық жылыту жағдайында азық-түлiк
өнiм-
дерiн өңдеудiң температурасын реттейдi. Бұл бағыт сөзсiз қызы-
ғушылық туғызады, өйткенi, қоспаны тамаққа емес, полимерлiк
қабықшаның матрицасына енгiзу оны азық-түлiк өнiмiне жап-
пай көшiрудiң жылдамдығын реттеп, қоспаның қолданылуын
ұзартуға мүмкiндiк бередi.
Қазiр əртүрлi ксенобиотиктердiң деструкция реакцияларын
жүзеге асыратын ферменттердiң көптеген түрi бар микроорга-
низмдердiң əлеуетiн барынша пайдалану мiндетi тұр. Бұл
əлеуеттi пайдалану "биоремедиация" болып табылады. Бүгін
105
өнеркəсіптік өндірістің 30 жəне одан да көп пайызын тазартушы
құрылыстар салуға арналған шығыстар құрайды.
Ағынды
суларды тазартудың iс жүзiндегi əдiстерi үнемi жетiлдiрiлуде,
бiрақ олардың тиiмдiлiгi кейде экологиялық талаптарға сай
келмейдi. Ондай жағдайдан шығу жабық сұйық ағындарды
пайдалану циклiмен қалдықсыз өндiрiстердi жасау мақсатында
дəстүрлi өнеркəсiптiк технологияларды қайта қарау болып табы-
лады. Осы мəселедегi қажеттi нормаларға
дейiн тазартылған
технологиялық циклiне қайтарумен немесе ағынды сулардан пай-
далы биоөнiмдердi алумен жергiлiктi биотазарту технологиялары
басты рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: