Биотехнология негіздері



бет50/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

3.5.2. Ғарыштық биотехнология 
Соңғы онжылдықта биотехнологияның жаңа бағыты ғарыш-
тық биотехнология дамып отыр. 1957 жылдан бастап медицина-
биологиялық тəжірибелер бойынша тірі организмдерге ғарыш-
тағы болатын факторлардың əсерін зерттеулер жүргізілді.
Алғашқы, бастапқы зерттеулерді «Бион» бағдарлама бойынша
ғарыштық биология, медицина жəне биотехнология үшін
жануарлар мен өсімдіктер организмдерді пайдаланып арнайы
биоспутниктерде жүргізілген. «Бион М №1» ғарыштық аппарат
ұшқан кезінде «БиоКосмос 1» жоба бойынша өсімдіктердің
өсуіне жəне дамуына ғарыштық ұшуының факторлардың əсерін




100
анықтайтын зерттеулер жəне ғарыш жағдайында өсімдіктерді


өсіру технологияны өңдеу бойынша зерттеулер жүргізілді.
Ғарыштық ұшуының факторлары ретінде арттырылған
(ұлғайтылған) радиациялық фон (радиация), ауыр зарядталған
түйіршіктердің тасқын, микрогравитация, Жердің əлсізделген
магниттік өріс, вибрация болады. 1989 жылы «Биопрепарат»
акционерлік қоғамының негізінде ғарыштық биотехнология
зертхана қалыптасты.
Өсімдіктер жасуша дақылды бөліну, өсу процестерді зерттеу
үшін, каллустардың қалыптасуы, жасушалық дифференциялану,
морфогенез процестерді зерттеу үшін модельдік жүйе ретінде
қолданылады. Сонымен қатар жасуша дақылы өсімдіктердің
əртүрлі абиотикалық стресс факторларға төзімділігін зерттеу
үшін модель ретінде өте лайықты болып келеді. Ғарышта
қолданылатын аспаптар мынандай талаптарға сай болу керек:
салмағы кіші (аспаптың массасы үлкен болмауы керек),
шағындау, герметикалық, улы емес, химиялық заттар сұйық
болмау (гель сияқты болу) керек. Осы талаптарға сай Петри
табақшасында өсірілетін жасушалық дақыл болып табылады.
Ғарыштағы тəжірибелерде нысана ретінде пайдаланатың
жасушалық дақылдың артықшылықтарына:
1) нысаналарды яғни экспланттарды өте оңай өсіру;
2) ғарыш жағдайларында жасуша жəне ұлпалардың өсуі мен
даму процестерді бақылау жəне реттеу мүмкіндігі;
3) жасушалық дақыл арқылы өсімдіктің барлық даму кезең-
дерді (онтогенездің барлық кезеңдерді) зерттеу, яғни жыныс
жəне сомалық жасушалардан бастап, көпклеткалық агрегаттар-
дан, дифференцияланған жіктелген жасушалардан эмбриоид пен
бүтін өсімдікке дейін зерттеу жатады.
Қазіргі таңда ғарыштық биотехнология ғарыштык биология-
ның бір сатысы болып саналады жəне де «Биотрек, Биоэкология
жəне Биоэмульсия» бағдарламалары бойынша «Фотон-М» деген
ғарыштық аппаратты ұшыру арқылы іске асады. Жануарлар мен
өсімдіктердің жасушаларымен қатар микроорганизмдердің ға-
рыштағы болатын өсу процестер зерттеленеді. Мысалы, «Биотрек»
бағдарлама бойынша МКС-экипаж арқылы 2006 жылы ғарыш-
тық кеңістікке микориза саңырауқұлақтардың штамдарымен
төрт контейнер жіберілді. Сол контейнердің ішінде радиацияны




101
зерттеу үшін жəне ауыр элементтердің энергияны анықтау үшін


радиодатчиктарды орныластырды. Осы бағдарламаның мақсаты
– саңырауқұлактардың өнімділігіне жəне биохимиялық қасиет-
теріне күшті радиацияның əсерін зерттеу.
Ғарыштық биотехнология дамуының негізгі бағыттары:
1) ғарышта биологиялық құнды заттардың құрылысын анық-
тау үшін жəне оларды медицинада, фармакологияда, ветерина-
рияда қолдану үшін сапалық кристаллдарды алу;
2) ғарыштадағы микрогравитация жағдайында микроорга-
низмдердің рекомбинантық штамдарды, өсімдіктердің төзімді
жəне жақсартылған жасушаларды сұрыптап алу, оларды меди-
цинада, фармакалогияда, ауыл шаруашылығында, экологияда
қолдану;
3) биология жəне биотехнология салаларында фундамен-
талдік білімін кеңейту үшін бионысаналарға ғарыштық фактор-
лардың əсерін зерттеу.
Қазақстанда 1991 жылдан бастап «Мақсат» атты ғарыштық
бағдарлама бойынша əртүрлі жеті ғылыми-зерттеулер: 1) «Өсі-
рілген бидай жасушаларына ғарыштық факторлардың əсерін
зерттеу», 2) «Картоп селекциясында жаңа биотехнологияларды
қолдану», 3) «Ғарыштық факторлардың əсерімен байланысты
метаболизмнің ерекшілігін анықтау», 4) «Бидайдың селекцияда
патогенге төзімділігіне микрогравитацияның əсерін зерттеу»
жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет