Биотехнология негіздері



бет58/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

Ген экспрессиясы (лат. expressio – əйгiлену, ор. экспрессия гена




110
ағ. gene expression) – ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтер тiзбегiндегi


генетикалық информацияны жүзеге асыру. Ол: транскрипция, процес-
синг, трансляция сияқты негiзгi үш сатыдан тұрады.
Геном (нем. Genom, ор. геном ағ. genome) – белгiлi бiр түрге жата-
тын организмдердiң тек өзiне ғана тəн сыңар (гаплоидтық) хромосо-
малар жиынтығы құрамына кiретiн тек өзiне ғана тəн барлық гендер.
Генотип (гр. typos – iз, таңба, үлгi, қалып, ор. генотип ағ. genotype)
- организмнiң немесе жасушаның тұқым қуалаушылық негiзiн
құрайтын гендердiң жиынтығы.
Гетерозис (будандық күш) (гр. heteroiosis-өзгеру, айналу, ор.
гетерозис ағ. heterosis) – аталық-аналық формалармен салыстырғанда,
олардан шыққан бiрiншi ұрпақ буданның бiрқатар көрсеткiштерi мен
қасиеттерiнiң асып түсуi, басымдылығы.
Гетерокарион (гр. heteros – басқа, karyon- жаңғақ, жаңғақтың дəнi,
ор. гетерокарион ағ. heterokarion) – генетикалық айырмашылықтары
бар екi жасушаның қосылуынан түзiлген, бiрақ онда ядролар бiрiкпеген
будан жасуша.
Гомокарион (гр. homos – бiрдей, тең, ортақ, ор. гомокарион ағ.
homokaryon) – генетикалық айырмашылықтары жоқ екi жасушаның
қосылуынан пайда болған, бiрақ онда ядролар бiрiкпеген будан
жасуша.
Гибридома (ор.гибридома, ағ. hybridoma) – қалыпты антидене
түзуші жасушалар (лимфоциттер) мен миеломдық жасушалардың
бірігуінен алынған, шексіз өсу мен моноклоналдық антиденелерді
синтездеуге қабілетті жасушалық линия.
Гиногенез in vitro (гр. gyne – əйел, genesis – шығу тегi, ор.
гиногенез in vitro ағ. gynaegenesis in vitro) – аналық гаметофиттi
жасанды қоректiк ортада өсiргенде, аналық хромосомалар жиынтығы
бар өсiмдiктiң пайда болу процесi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет