Биотехнология негіздері



бет60/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

ДНҚ-ның лигазасы (ор. ДНК-лигаза, ағ. DNA-ligase) – ДНҚ-ның
полинуклеотидтер бөлшектерiн (фрагменттерiн) бiр-бiрiне реттеп
қосатын, жалғастыратын фермент.
ДНҚ-ның репарациясы (лат. reparatio – бұрынғы қалпына келу,
ор. репарация ДНК, ағ. DNA repair) – барлық организмдердiң жасуша
ларындағы нормалы биосинтез кезiнде немесе түрлi физикалық жəне
химиялық себептерiнен матрицалық ДНҚ-ның зақымданған жерлерiнiң
дұрысталып жаңадан түзiлуi.
ДНҚ-ның репликациясы (лат. replicatio – қайталану) ор. репли-
кация ДНК ағ. DNA replication - ДНҚ-ның молекуласының екi еселенiп
қөбеюi. ДНҚ-ның екi спиралi жазылады, сутектiк байланыстар
ажырайды, жеке (матрицалық) тiзбекке үйлесiмдi, сəйкес жаңа тiзбек
(реплика) түзiледi.
Идиотип (гр. idios-өзіне тəн, typos – із, таңба, үлгі, қалып, ор.
идиотип, ағ.idiotype) – организмнің барлық гендерінің (ядродағы,
митохондриядағы, хлоропластардағы) жиынтығы.
Иммобилденген жасушалар (лат. immobilis – жылжымайтын,
қозғалмайтын, ор. иммобилизованные клетки, ағ. immobilbsed cells) –
табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі қабатына бекіген немесе
полимерлік гельдер құрамына енгізілген, қозғаласы шектелген, осы
ортада өсетін жасушалар.
Иммуноферментік талдау (лат. immunitas- құтылу, босану, ор.
иммуноферментный анализ, ағ.enzyme immunoassay – «антиген-




112
антидене» комплексінің ферменттік активтігін анықтауға негізделген


иммунодиагностикалық əдіс; сезімталдығы өте жоғары.
Индукциялау (лат. induction - қозу, ор. индукция, ағ. induction) –
сыртқы орта факторлары немесе өсімдіктің бір бөлігінің екінші
бөлігіне əсер етіп, өсімдіктің даму жолын белгілеу. Олар индукторлар,
мысалы: гормондар, сыртқы ортаның түрлі факторлары, кейбір
метаболиттер. Индуктор организмнің, мүшенің даму жолын бір жүйеге
келтіреді, себебі сол жүйенің ғана индукторлық əсерді қабылдауға
мүмкіндігі бар.
Инокулюм (лат.inoculatio – егу, ор. инокулюм, ағ.inoculum) –
жаңадан дайындалған қоректік ортаға көшіріп отырғызу үшін
қолданылатын суспензияның азғантай бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет