112
антидене» комплексінің ферменттік активтігін анықтауға негізделген
иммунодиагностикалық əдіс; сезімталдығы өте жоғары.
Индукциялау (
лат. induction - қозу,
ор. индукция,
ағ. induction) –
сыртқы орта факторлары немесе өсімдіктің бір бөлігінің екінші
бөлігіне əсер етіп, өсімдіктің даму жолын белгілеу. Олар индукторлар,
мысалы: гормондар, сыртқы ортаның түрлі факторлары, кейбір
метаболиттер. Индуктор организмнің, мүшенің даму жолын бір жүйеге
келтіреді, себебі сол жүйенің ғана индукторлық əсерді қабылдауға
мүмкіндігі бар.
Инокулюм (
лат.inoculatio – егу,
ор. инокулюм,
ағ.inoculum) –
жаңадан дайындалған қоректік ортаға көшіріп отырғызу үшін
қолданылатын суспензияның азғантай бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: