Биотехнология негіздері



бет56/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

Будан асимметриялық (ор. гибрид асимметричный, ағ. hibrid
asymmetric) – аталық жəне аналық ретiнде қосылысқан жасушалардың
бiреуiнiң ядролық гендерiнiң толық жиынтығымен қатар екiншiсiнiң
тек цитоплазмалық гендерiн қабылдаған будан жасуша.
Будан цитоплазмалық (цибрид) (ор. гибрид цитоплазматический
(цибрид) ағ. hibrid cytoplasmic) – аталық жəне аналық ретiнде
қосылысқан жасушалардың тек қана бiреуiнiң ядросын (ядролық
гендерiн) қабылдаумен қатар екеуiнiң де, немесе баламалы бiреуiнiң
ғана цитоплазмалық гендерiн бойына дарытқан будан жасуша.
Будан гетероплазмалық (гр. heteros-басқа, plasma-құрылған,
түзiлген), ор.гетероплазматический гибрид, ағ. hibrid heteroplasmic) -
цитоплазмалық гендерi (плазмагендер ) бойынша гетерозиготалық
будан жасуша.
Вектор (лат. vector -алып жүрушi, ор. вектор, ағ. vector – өз
алдына репликациялана алатын жəне бөтен генетикалық информацияны
жасушаға тасымалдай алатын генетикалық элементтер (мысалы,
плазмидалар мен вирустар).
Вируленттiк (лат. virulentus-улы, ор. вирулентный ағ. virulent) –
микроорганизмдердiң ауру тудырғығыштық қабiлетi




109
Вирусты айқындаушы өсiмдiктер (ор. растения-индикаторы, ағ.


indicator plant) – вируспен зақымданған өсiмдiктен алынған шырынды
жапырақ бетiне тамызғанда, сол шырында вирустар бар екендiгi
туралы арнайы сезiмталдық реакция арқылы белгi беретiн өсiмдiктер
(жұққан вирусқа тəн морфологиялық өзгерiстер тез арада айқын
көрiнедi).
Гаплоид (гр. haploos – сыңар, жалғыз, eidos – түр ор. гаплоид ағ.
gaploid) – сыңар дара (гаплоидтық) хромосомалар жиынтығы болатын
ядро, жасуша, организм; гаметаларда сыңар хромосомалар жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет