Биотехнология негіздері



бет2/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

К І Р І С П Е

Биотехнология (гр. bios - тiршiлiк, techne - өнер, шеберлiк, logos -
сөз, ғылым) - экономикалық жағынан тиiмдi де маңызды заттар өндiру
жəне жоғары өнiмдiлiгi бар микроорганизмдер штамдарын, өсiмдiк-
тердiң сорттары мен формаларын, жануарлардың асыл тұқымдарын
шығару үшiн биологиялық процестер мен нысаналарын пайдалануға
негiзделген ғылым мен өндiрiстiң жаңа саласы.
Биотехнология ғылыми-техникалық прогрестiң маңызды бағыт-
тарының бiрi болып табылады. Биологиялық жəне техникалық
ғылымдар саласындағы генетикалық жəне клеткалық инженериядағы
осы заманғы жетiстiктерiнiң негiзiнде, адамдардың өмiр сүру деңгейiн
көтеру үшiн мақсатты түрде жасалған тiрi жүйелердiң (ең алдымен
микроорганизмдердің) барлық мүмкiндiктерiн пайдалануға болады.
Биотехнологиялық өнiмнiң көмегiмен жақын болашақта да жəне
стратегиялық тұрғыда да өндiрiстiк-технологиялық, экологиялық жəне
əлеуметтiк-экономикалық мəселелер шешiлуде.

Биотехнологияның қалыптасуы ғылыми-техникалық дамуымен


байланысты. Клеткалық биотехнология көптеген ғылымдардың түйісуі
арқасында пайда болған, сондықтан оның дамуы молекулалық
биология, биофизика, биохимия, клеткалық жəне молекулалық
иммунологияның жетістіктеріне жəне қазіргі заманның инженерлік
технологияларына негізделеді.
Клеткалық биотехнологияның теориялық мəселелерін шешу үшін
іn vіtro өсірілетін клеткаларды пайдаланады. Сонымен қатар биотехно-
логияда мынандай биологиялық жүйелерді: микроорганизмдер,
өсімдіктер жəне жануарлардың клеткалық линияларын, вирустарды,
субклеткалық макромолекулалық құрылымдарды қолданады. Бірақ
биообъектілерді өнеркəсіптік ірі көлемде пайдалану үшін техноло-
гияны өндіру, сондай-ақ өнеркəсіптік биотехнологияның теориялық
негіздерін білу керек, яғни жеке клеткалардың жəне клеткалық
популяцияның физиологиялық дамуы заңдылықтарын, биосинтезінің
ерекшелігін, ферменттердің белсенділігін реттейтін механизмдерді
білу қажет.

Биотехнологиялық, биохимиялық жəне микробиологиялық əдістерді


өнеркəсіпте қолданып, адамға қажетті өнімдерді (мысалы, биологиялық 
белсенді заттар, антибиотиктер, витаминдер, гликозидтер, интер-
ферондар, моноклондық антиденелер, т.б.) алуға болады. Биотехноло-
гиялық əдiстермен өндiрiлген фармацевтикалық өнiмдер əлемдiк




4
бағыты биотехнологиялық нарықтың жартысына жуығын құрайды.


Оларға емдеу, диагностикалық препараттар, вакциналар, емдік сарысулар,
анатоксиндер, иммуноглобулиндер, бактериофагтар, нормофлора дəрі-
дəрмектер, аллерген диагностикумдар, профилактикалық құралдардың
бəрі жатады. Мысалы, ХХІ ғасыр басында Ресейде иммунобиология-
лық препараттардың 300 атауы сатып алынып, 500-ге жуық атауы
өндiрiлдi. Ал Қазақстанда фармацевтикалық дəрілік өнімдердің 550
атауы сатып алынып жəне сəйкессінше, 150-ге жуық атауы өндіріледі.
Клеткалық инженерия жəне гендік инженерия арқылы жаңа заттарды,
өсімдіктердің жаңа сорттарын жəне асыл мал тұқымдарын шығаруға
мүмкіншілік бар. Қазiргi уақытта гендiк-инженерлiк дəрi-дəрмек пре-
параттарының өндiрiсi биотехнологиялық фарминдустрияда жетекшi
сектор болып табылады.

Дүниежүзiнде тек ғылыми-зерттеу зертханаларымен қуатты


өндiрiстiк базаның өзара əрекеттесетiн кешендерi сыртқы нарыққа
сапалы жəне бəсекеге қабiлеттi өнiмдердi өндiредi. Бiрiккен Ұлттар
Ұйымының сарапшыларының қорытындысы бойынша, болашақта
биотехнология өзінің барлық қызмет салаларында жəне ең бiрiншi
кезекте азық-түлiк өнiмдерiн, медициналық препараттарды алуда, ауыл
шаруашылығында, экология, энергетика салаларында адамзаттың
омірі дұрыс дамуын анықтайтын болады. Соңғы жылдары биологияда
болған өзгерiстер биотехнологияның дамуында қағидалы жаңа
перспективаларды ашты, өндiрiсте биологиялық процестердi қолдану
шектерiн кеңейттi жəне "осы заманғы биотехнология" деген жалпы
атауымен бiрiктiрiлген жаңа бағыттардың пайда болуына əкелді.
Бұл оқу құралының мақсаты - студенттер мен магистранттар
клеткалық биотехнологияның теориялық негіздерімен қатар қолдан-
балы практикалық негіздерін бірдей игеруін ынталандыру болып
табылады. Осы оқу құралында клеткалық биотехнологияның негізгі
салаларына толық сипаттама берілген. Сонымен қатар өсірілетін
клеткалардың физиологиялық-биохимиялық ерешеліктеріне негіздел-
ген, биотехнологияда қолданылатын жаңа əдістері мен технология-
лары көрсетілген, өнеркəсіптің əртүрлі салаларында пайдаланатын
тағам өнімдерін, дəрі-дəрмектерді, биологиялық белсенді заттарды
алатын биотехнологиялық тəсілдері қарастырылған.




5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет