Биотехнология негіздері


 Жасушалардың өсуіне əсер ететің факторлар



бет14/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

2.2. Жасушалардың өсуіне əсер ететің факторлар 

Ферменттерлерде биомассаның үнемі араласуы, жалпылай
алмасуы қоректік ортамен өсірілетін жасушалардың біркелкі
жанасуын, оттегінің жасушаларға уақытында жеткізілуін –
субстраттың тез шығындалуын, үнемі қажеттілік құнарлықты
қамтамасыз етеді, заттардың біркелкі, тұрақты жанасуын, заттар
құнарлығын рН жəне температураның белгілі тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Биореактор қоректік ортаны (субстратты), су
жəне буды, рН-ты реттейтін ортаны, ерітінділерді, көбікті басу-
шыларды, өсірілетін биомассаны аэрациялау үшін, зарарсыз-
дауды беру үшін түтіктердің арнайы жүйесімен жабдықталған.
Температуралық тəртіпті ұстап тұру үшін 35-37
0
С сыртқы жəне
ішкі қабаты берілген температурада су ағыны болады немесе
иірілім типті жылу алмасушы орналастырылады.
Жасушалардың өсуіне бірнеше физика-химиялық факторлар
əсер етеді. Физикалық факторларға: температура, қысым, ара-
ластыратын айналу жиілігі, көбік түзелу, ауа ағынының жыл-
дамдығы, қоректік ортаны, субстратты беру жылдамдығы, тұт-
қырлығы, турбулентті; химиялық факторларға: қоректік орта-
сының рН, тотығу – тотықсыздану потенциалы, еріген оттегі
мен көмірқышқыл газының мөлшері, көміртегі, азот, фосфор,
магний, калий, кальций, натрий, темір, т.б. иондары мен тұзда-
рының құнарлығы жатады.
Қазіргі микробиологиялық өндірісте ең жиі қолданылатын
реактор субстрат пен оны зат алмаспайтын микроорганизмдер
араласатын резервуар болып табылады, онда реакциялар жүру
үшін қолайлы жағдайлар жасалынады, температура мен рН
реттеледі. Қоректік орта арқылы кейде оттегімен қаныққан
сүзілген ауа айдалады, химиялық жəне биологиялық талдау
үшін екі тəсіл: 1) барлық кіретін саңылаулар зарарсыздандыру;
2) реактор ішінде атмосфералық қысымынан артық қысым
жасалыну қолданылады. Бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін
созылатын үдіріс аяқталғанда, барлық қоспаны реактордан алып
тастайды, бұл өнімді бөліп, тазалау үшін жүзеге асады.
Организмдердің жасушалары, ұлпалары, мүшелері өсуіне
қоректік ортадан басқа да жағдайлар əсер етеді. Өсімдіктер
клеткаларының қатты жəне сұйық ортада жақсы өсуі үшін, оның




27
рН көрсеткішінің маңызы өте зор. Табиғи жағдайында жасу-


шаның тіршілік əрекеттері сутегі иондарының қолайлы концен-
трациясында (рН 5,5-7,5) өтеді. Өсімдік жасушаларды өсіру
үшін 25
0
С шамасында температура қажет. Жасушалардың
өсуіне əсер ететін сыртқы факторлардың бірі – жарық. Жалпы
in vitro жағдайында өсірілетін өсімдік клеткаларында жасыл
пигмент яғни хлорофил түзілмейді, сондықтан олар əдеттегідей
фототрофтық (автотрофтық) жолмен емес, гетеротрофты қорек-
тенеді. Жасушаларда қосымша заттар түзілуіне жарықтың сапасы
(яғни жарық спектрдің құрамы), қарқындылығы жəне фотопе-
риодтың əсер ететіндігі дəлелденген, сондықтан жасушалық
технологияны жасаудағы басты мақсаттың бірі – жасушаларды
өсіру үшін қажетті жарықтың сапасы мен қарқындылығын
анықтау. Жасушалардың өсуіне аэрацияның əсері зор (бұл
тұрғыда арнайы суспензияға қажет). Аэрация болмаса, жалпы
алғанда, суспензияның өсуі мүмкін емес. Клеткалар суспен-
зиясы (лат. suspension – асып қою) – жеке жасушаларды немесе
кішігірім жасушалар топтарын аппаратура арқылы ауамен
қамтамасыз етіп жəне араластыра отырып сұйық қоректік ортада
өсіру. Жасушаларды өсіргенде қоректік ортаның осмос қысы-
мын да ескеру керек. Жоғары осмос қысымы қоректік заттарды
жасушалардың сіңіруін қиындатады. Экспланттан пайда болған
каллус ұлпаларды əрбір 3-4 апта сайын жаңа қоректік ортаға
көшіріліп отырса, олар шексіз ұзақ өсе береді. Осындай морфо-
генді каллусты жарықта, 27
0
С температурада өсіргенде
регенерант-өсімдік дами бастайды .
Жасушаларды жасанды жағдайында өсіргенде олардың бір
өсу кезеңнен екіншісіне өтуін ішкі жəне сыртқы факторлар
бақылайды. Ішкі факторларға пролиферативтік қор, созылып
өсу ұзақтығы жəне жасушаның күйі жатады. Сыртқы фактор-
лар: қоректік ортаның құрамы, рН, оттегінің мөлшері, тем-
пература, жасушалар тығыздығы. Жасушалар өскен сайын
оларды жаңа ортаға көшіру керек, яғни пассаждау (фр. passage -
егу) – жасушаларды жаңадан дайындаған қоректік ортасы бар
шыны ыдысқа ауыстырып отырғызу. Трансплантты немесе сұйық
қоректік ортада өскен жасушалардың бөлігін (инокулюмды)
жаңа қоректік ортаға отырғызғаннан бастап келесі жаңа
қоректік ортаға ауыстырғанға дейінгі өсу кезеңін - өсіру циклі
(гр. kyklos- дөңгелек, шеңбер) деп атайды.




28



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет