Биотехнология негіздері



бет13/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

үзіліссіз өсіреді. Ол жасушаларды сұйық қоректік ортаның
үзілмей беріліп тұратын ағынында өсіру тəсілі. Жоғарыда
айтқандай, микроорганизмдерді өсіргенде жасушаларды ағынды 
жабық жүйеде өсіреді. Мұндай жағдайда жасушалар өсетін
сұйық орта үздіксіз жаңа қоректік ортамен қамтамасыз етіліп
тұрады, сұйық ортаның кіріп құйылу қарқыны мен оның төгіліп
сыртқа шығу қарқыны бірдей болады. Сонымен қатар ағынды-
ағынсыз жүйеде өсіру мен жасушаларды ағынды ашық жүйеде
өсіру тəсілдері бар. Жасушаларды ағынды-ағынсыз жүйеде 
өсіруде сұйық қоректік ортада өскен жасушалар суспензия-
сының бір бөлігі оқтын-оқтын алынып тұрады, оның орнына нақ
сондай мөлшерде жаңа қоректік орта құйылып тұрады.
Жасушаларды ағынды ашық жүйеде өсіру -  үздіксіз ағып кіріп
тұрған жаңа қоректік орта мен төгіліп сыртқа ағып шыққан
жасушалар суспензиясының қарқыны (көлемдерінің) тең болуы.
Өндірістік микроорганизмдердің штамдарын əртүрлі тəртібінде
өсіріп олардың өсу қарқындылығын бақылайды. Бұл турбидос-
татта өсіру (лат. turbo – құйын, шыр айналу) – фотоэлементті
қолданып биомасса концентрациясын тікелей бақылау арқылы,
жасушаларды сыртқы жағдайдан ешқандай шектеусіз, үздіксіз
өсіру жəне жасушаларды хемостатта өсіру (гр. chemia –
химия), яғни құрамында өсуді тежейтін концентрациясы белгілі
құраушылары бар жаңа қоректік орта тұрақты жылдамдықпен
биореакторға құйылып түсіп тұрады да, сондай жылдамдықпен
өскен жасушалар суспензиясы алынып отырады.
Бірнеше сағат бойы организмдердің жасушалары жаңа жағ-
дайға, жұмсалатын субстрат құрамына бейімделеді – лаг-фаза
(бүркеулі, жасырын кезеңі) – бұл кезде су мен қоректік заттарды
сіңіру процесі жəне бөлінуге дайындық белсенді өтіп жатады,
жасушалардың өсуі, ферменттер, нуклеин қышқылдарының,
əсіресе РНК құмарлығының артуы орын алады. Одан кейін үдеу




25
кезеңі, бұл кезде жасушалар бөлініп, созылып өсе бастайды.


Келесі экспоненциалды даму кезеңі басталады, жасушалар
жылдам бөлінеді, жасушалар көбейеді, олардың биомассасының
жоғарылауы байқалады. Экспоненциалды немесе лог-фазада
өсу жылдамдығы өте қарқынды, уақыт өткен сайын екі еселеніп
өседі. Əрі қарай қоректік ортаның қоспа бөлшектері біртіндеп
төмендейді, жасуша метаболиттерінің құрамы артады, жасуша-
лар өсуі мен көбею қарқының төмендесуіне əкеліп соғады. Бұл
баяу өсу кезеңі (өсудің бəсендеу фазасы). Стационарлық кезең –
бұл жаңадан пайда болатын жəне жасаушалардың тең қатынасы
салдарынан қоректік ортада жасушалар санының бірталай
тұрақтылығымен сипатталады. Ақырында жасушалардың бір-
тіндеп жойылып құруы, өсу мен көбеюі жоғарыда көрсетілген
кезеңдердің жүру ұзақтығына, биопродуценттің физилогия
ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, Baccillus thuringiensis
тің өсу циклі – 36 сағат, Аspergillus awamori – 144 сағат.
Жасушалардың өсуі S-тəрізді қисық сызықпен бейнеленеді (3-
сурет).

3-сурет. Жасушалар өсуінің S-тəрізді қисық сызығы

1-латенттік (бастапқы бұл кеніш,


жасырын) фазасы
2-үдеу фазасы
3-экспонациалық (логарифмдік)
фазасы
4-бəсендеу фазасы
5-стационарлық (бір сарында)
фазасы
6-жойылу фазасы




26



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет