18
ЕКІНШІ ТАРАУ
ƏРТҮРЛІ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ЖАСУШАЛАРЫН
IN VITRO ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІРУ ƏДІСТЕРІ МЕН
ПРИНЦИПТЕРІ
2.1. Бионысаналар жəне оларды жасанды
жағдайында өсіру əдістері
Биотехнологиядағы ғылыми-зерттеулер мен технологиялық
жұмыстарда
нысаналар ретінде
микроорганизмдер, жануарлар
мен өсімдіктердің жасушалары мен тіндерді пайдаланады.
Іn
vitro жағдайында өсетін жасушалар – жаңа жасанды жүйе, оның
бірнеше ерекшеліктері бар. Жасушаларды стерильды жағ-
дайында, қоректік ортамен қамтамасыз етіп, арнайы физика-
химиялық жағдайында, арнайы аспаптарда (биореакторларда,
колбаларда, пробиркаларда, мадженттарда, планшеттерде, фла-
кондарда) өсіреді.
Өнеркəсіптік масштабында қолданылатын
микроорганизм-
дер бірнеше талаптарға сай болуы керек. Өндірістік микро-
организм топтарын 1987 жылы А. Воробьев төмендегідей көр-
сеткіштермен сипаттады:
- арзан жəне оңай қол жететін субстратта өсу;
- биомассаның жоғарғы өсуі жəне субстрат қорына өнімнің
жоғарғы болуы, өнімділікке тұрақты, генетикалық біртекті
болуы;
- бактериофагтарға, бөгде флораларға тұрақты болу;
- адамға, қоршаған ортаға зиянсыз болу;
- мүмкіндігінше продуценттер термофильді жəне ацидо-
фильді болуы керек, сонда бөгде микрофлора инвазиясынан
сақталады;
- пайдаланған субстраттан оңай бөлінуі керек.
19
Дайындау кезеңі штамм–продуцентті таңдаудан, оның өнім-
ділігін бағалаудан, яғни қажеті метаболиттің синтезін жылдам
жəне тиімді жүргізу қабілетінен, оның фаголизиске төзімділі-
гінен, рН өзгерісінен жəне температура тəртібінен, аэрацияға
төзімділігінен, тапшылықтың емес арзан қоректеніп ортада
жақсы өсу қабілетінен басталады. Осы кезең бүтіндей биоло-
гиялық нысанаға – «өндіріс күшіне» арналған. Одан кейін
зертханалық жағдайда ферментация сатысына беру үшін био-
продуценттің таза дақылы жиылады, бұл тұқымдық материалды
дайындау кезеңі. Қоректік ортамен биореакторға енгізілген
тұқымдық материал немесе штамм-продуценттің таза дақылы
бірден көбеймейді.
Микроорганизмдерді өндіру үшін микробиологиялық син-
тезге негізделген ферментативті үдірістер қолданылады. Фер-
ментация үдірісі арнайы жасалған жабдықтарда –
биореактор-
ларда (немесе ферментаторларда, ферменттерде) жүзеге асады.
Өндіріс биореакторлар көлемі ондаған мың литрге дейін жетеді.
Ферментациялық жабдықтар - биореакторлар - цилиндрлік
сыйымды аппараттар болады, биіктігі диаметрінен 2-2,5 есе
артық, тотықпайтын құрыш материалдарынан дайындалады
(2-
сурет). Аппарат ішінде əртүрлі типті араластырғыштар
орналастырылады – турбиндік, пропеллерлы – олардың көлемі
аппарат ішкі диаметрінің 1/3 бөлігін алады.
Достарыңызбен бөлісу: