Биотехнология негіздері



бет12/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

Өсімдіктер жасушалар микроорганизмдерге қарағанда ана-
томо-морфологиялық құрылысы жағынан ерекшеленеді. Өсімдік
мүшесінің кесіндісін, яғни эксплантты зарарсызданған қатты
немесе сұйық ортаға отырғызады. Əртүрлі тəсілмен зарарсыз-
дандырылған нысаналардан керекті ұлпалар бөлініп алынады.




22
Ұлпаны бөліп алуды жəне оны қоректік ортаға отырғызуды


ламинар боксінде өткізеді. Бұл бокстің ішіне фильтрден
өткізіліп, микроорганизмдерден тазартылған ауа беріліп тұрады.
Организмдің əрбір түрі, тіпті сол бір түрінің кез келген мүше-
лері мен ұлпалары жақсы өсу үшін белгілі қоректік ортаны
талап етеді. Қоректік ортаның құрамына минералды тұздар,
көмірсулар, витаминдер, фитогормондар, амин қышқылдары
кіреді (1-қосымша). Жасушалар in vitro жағдайында көмірсуте-
гіне мұқтаж, себебі олар гетеротрофты қоректенеді. Көмірсутегі
ретінде сахароза немесе глюкоза қосылады. Қоректік ортаны
таңдау организмнің түріне жəне тəжірибенің мақсатына байла-
нысты келеді.
In vitro жағдайында өсімдіктердің маманданған (дифферен-
цияланған) жасушалар, бөліну қабілеті тежелген жасушалар
қайтадан бөліне бастайды, яғни меристемалық күйіне оралады.
Толық белгіленген дифференцияланған жасушаларда проли-
ферация (яғни бөліну арқылы көбею) қабілетінің қайта пайда
болуы дедифференциялану үдерісі деп аталады. Ал диф-
ференциялану - бұл əртүрлі маманданған жасушалардың
түзілуі, яғни даму үдерісінде біртекті меристемалық жасушалар-
дан морфологиялық құрылымы жəне атқаратын қызметі əртүрлі
маманданған жасушалардың түзілуі. Мысалы, дифференциялану
нəтижесінде меристемадан пайда болған маманданған жасу-
шалар (мезофилл, эпидермис тағы сондай сияқты ұлпаның
жасушалар) сол меристемаға да жəне де өзара бір-біріне мүлдем
ұқсамай кетеді. Дедифференциялану үдерісі арқылы мамандан-
ған жасуша бөліну күйіне қайта оралады да меристема тəрізді
каллус жасушаларына айналады. Бұл жасушалар көбінесе жұқа
қабықты болып, паренхималық жасушаларға ұқсайды. Каллус 
бұл ұлпаның ерекше түрі, өсімдік жасушалардың ретсіз бөлінуі
нəтижесінде пайда болған ұлпа, баскаша айтқанда ол - бүтін
өсімдіктің зақымданған жері (жарасы) біте бастаған кезде
түзілетін білеуленген бұлтық. Барлық физиологиялық процес-
терді реттейтін фитогормондар болғандықтан, олар қоректік
ортаның маңызды құраушылары деп есептеленеді. Жасушаларға
бөліну жəне дифференциялану үшін əсіресе ауксин мен
цитокинин қажет. Тек қана ісік жасушалары мен «қалыптасқан»
ұлпалар гормондары жоқ ортада өсе алады. «Қалыптасқан»




23
каллус жасушалары гормондарды қажет етпейді, олар гормон-


дарға прототрофты келеді, себебі өздерін-өздері қамтамасыз ете
алады.
Өндірісте иммобилденген жасушаларды жалпақ түбіне
негізделген биоректорларда немесе бағана (колонна) тəрізді
биореакторларда өсіреді. Өндірісте қолданылатын иммобил-
денген жасушаларды өсіру үшін биореактордың бағана тəріздесі
қолайлы, өйткені мұнда орын үнемделеді жəне жасушалар
арқылы ағып жатқан қоректік ортаны бақылау оңайланады.
Иммобилденген жасушалар түрлі заттардың биотрансформа-
циясына да қолданылуы мүмкін. Көптеген жануар жасушасын
антидене сияқты ақуыздарды бөліп шығарады. Бірақ бір жасу-
шаның бөліп шығаратын ақуызының шамасы өте аз болады,
қайткенде көп мөлшерде ақуыз шығарып алуға болады, ол
үшін зор көлемде жануар жасушасын өсіруі керек.
Жануар жасушасын өсіруге қолданылатын өсіру ертіндісі
өсімдіктер ұлпаны өсіруге қолданылатын қоректік ортасына
құрамы жақтан ұқсамайды. Жануарлар жасушасын өсіретін
ертіндінің құрамында үнемі глюкоза, аминоқышқылдар, мине-
ралды тұздар, витамин жəне жануарлардың қан сарысуы болады.
Өсірілетін жануарлар жасушасының басым көпшілігі жануар-
лардың эмбрионынан немесе туылғанына көп уақыт болмаған
жас жануарлардың орнынан немесе ұлпадан алынады. Ұлпаны
ажыратып алғаннан кейін, əуелі трипсин сияқты ферментпен
ұлпаны жеке жасушаларға ыдыратады, онан соң белгілі қою
жасуша суспензиясын алып, оны өсіру шөлмегіне құйып, өсіру
сандығында өсіреді. Бұл кезең алғашқы ұрпақты өсіруі деп
аталады. Жасуша өсіру шөлмегінің қабырғасына жабысып
өседі. Жасушаның өсуіне жəне көбеюіне ілесіп, өсіру шөлмегін-
дегі жасушалар барған сайын көбейіп, трипсин арқылы жасуша-
ларды шөлмектің қабырғасынан түсіріп, жасуша суспензиясын
жасауды, екі немесе оданда көп өсіру шөлмегіне бөліп өсіруді
қажет етеді. Бұл – ұрпақ жалғастыру деп аталады.
Жануарлар жасушасын өсіру техникасының қолданылатын
жақтары көп. Вирусқа қарсы вакциналар, интерферон, монок-
лонды антидене қатарлы аса бағалы көптеген биологиялық
бұйымдар жануарлар жасушасын зор көлемде өсіру арқылы
өндіріледі. Күйген адамның терісінен сау жасуша алып өсірсе,




24
көп мөлшерде өзіндік тері жасушалары өндіріліп, жараланған


терісіне жалғау ретінде көшіруге болады. Өсірілген жануар
жасушасы тағы улы заттарды тексеріп анықтауға қолданылады.
Тірі организмдердің жасушаларды əртүрлі тəсіл арқылы
өсіреді. Мысалы, жасушаларды қорландырып мерзімді өсіреді,
яғни жасушалар суспензиясын жабық ыдыста бастапқы құйыл-
ған қоректік ортасы жаңартылмай өсіреді немесе жасушаларды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет