Биотехнология негіздері


 Ауыл шаруашылығында қолданылатын



бет21/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

3.1.2. Ауыл шаруашылығында қолданылатын
микробтық биопестицидтер, биотыңайтқыштар,
эубиотиктер, микробтық жем-қоспалар 
Адамзаттың өмір сүруі мен дамуы алуан түрлі организмдер-
мен тығыз байланысты. Сан қилы организмдер жер шарына мол
тіршілік тынысын силаған. Ұзақ уақыт тарихи даму барысында
адамдар ауылшаруашылық өндірісімен шұғылданумен жануар-
лар мен өсімдіктерге қарсы дерт-дербездердің алдын ала дəрі–
дəрмекке қатысты білімдерді таратқан. Ауыл шаруашылығында




41
химиялық заттарды (ортаны ластайтын) қолданудан бас тартып,


биологиялық (экологияның таза) күрес түріне, көшу қажеттілігі
кезек күттермейтін мəселе болып отыр. Пестицидтерді қолдану
– ауылшаруашылығын интенсификациялаудың негізгі жолы.
Пестицидтер -  зиянкестер мен өсімдіктер ауруларына қарсы
қолданылатын адам қолдан жасаған заттар тобы.
Пестицидтер: инсектицидтерге (зиянды жəндіктермен күресте
қолданылатын химиялық препараттар), фунгицидтер мен
бактерицидтерге (өсімдіктердің саңырауқұлақтық, бактериялық
ауруларына қарсы қолданылатын препараттар), гербицидтерге 
(арамшөптерге қарсы синтетикалық заттар) бөлінеді. Пести-
цидтер химиялық зат болғандықтан, қоршаған орта арқылы
адамға жəне табиғатқа үлкен зиянды əсерін тигізеді. Көптеген
пестицидтер бір нысанадан екінші нысанаға ауыса отырып,
қоршаған ортада ұзақ уақытқа сақталып, одан əрі улы қосын-
дыларға айналады. Инсектицидтердің өндірістік көп мөлшерде
өндірілуі ауаны, суда бүлдіретін басқа өнімдердің көбеюіне
əкеліп соғады. Сулы ортада инсектицидтердің, фунгицидтердің,
гербицидтердің мөлшері көп кездеседі. Синтезделген инсекти-
цидтер негізгі үш: хлорорганикалық (2,4-Д, ДДТ жəне оның
туындары - полихлорбифенил-ПХБ, хлордиен, алдрин, ГХЦГ,
гепатохлор, таксофен, галихлоргинен), фосфорорганикалық
(карбофос, метафос, трихлорометафос, фосфалид, хлорофос
трихлорфос) жəне карбанаттар (севин, анабазин, пиретрум)
тобына бөлінеді. Хлорлы органикалық инсектицидтер жартылай
ыдырауының өзі ондаған жылдарға созылады, биодеградацияға
өте төзімді. ПХБ қоршаған ортаға өндірістік қалдық суларды
ағызғаннан жəне үйінділердегі қатты қалдықтарды жаққаннан
түседі. Қатты қалдықтарды жаққаннан ПХБ атмосфералық
жауын-шашын, қар арқылы жер шарының барлық аудандарына
түседі. Эпидемия тудыратын жəндіктерге (бүрге, қандала,
битке) қарсы хлорлы органикалық ДДТ жəне гексахлоран, гек-
сахлорциклогексен (ГХЦТ), ГХЦГ-ның изомерлі лидан инсек-
тицид қолданылады. Бұл улы заттар жүйке жүйесінен, бауыр,
бүйрек, жүрек, ішкі секреция мүшелерін зақымдайды. Альдрин,
дильдрин, гептахлор, токсафен, мирекс деген инсектицидтер
кейіннен «ең лас» инсектицидтер түріне кіреді, қазіргі кезде
халықаралық қауымдастықтың назарында. Екінші ұрпаққа




42
фосфор органикалық қосылыстар оның ішінде тиофосфор


қышқылы жатады. Бұл қосылыстар класына – инсектицидтер,
актаметилдер, тиофостар, меркамтофосстар жатады. Химиялық
соғыста қолданылатын зарин, зонан –

уландырғыш заттар да


осы топқа кіреді. Химиялық қару мен пестицидтердің айырма-
шылығы аз, əскерилер бір қатар жағдайларда пестицидтер
қорын стратегиялық жинақ (резерв) ретінде қарап, ал пестицид
өндірісін əскери уландыру заттарын шығаратын өндірістің
негізгі деп санады. Осы топқа зəр қышқыл (мочевина) синтез-
дерінің өнімдері, синтетикалық фунгицидтер, бактерицидтер,
зооцидтер, немацидтер жатады. 1950 жылдары 2-буын пести-
цидтерінің зиянды əсері қатты білінді. Қазіргі уақытта 900-ден
аса зиянкес түрлері инсектицидтер түрлерінен «қорықпайды».
Жəндіктердің ондаған түрлерінен көбі, оның ішінде шыбындар,
таракандар, колорад қоңызы, капуста көбелегі инсектицидтердің
барлық түріне төзімді келеді. Барлық пестицидтер мутагенді
жəне тұқым қуалаушылыққа кері əсерін тигізеді.
Қоршаған орта үшiн зияндылығы төмен не неғұрлым тиiмдi
препараттар, соның iшiнде биопестицидтер қолданылуы эко-
логиялық қауiпсiз, микробтық, өсiмдiк жəне жануар тектес
өнiмдердi шығаруға көшкен өсiмдiктердi қорғау құралдарының
өндiрушiлерiне коммерциялық табыс əкелуде. Микробтық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет