Биотехнология негіздері


-сурет. Рекомбинантты ДНҚ технологиясы Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – рекомбинантты



бет17/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

4-сурет. Рекомбинантты ДНҚ технологиясы

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – рекомбинантты 


микроорганизмдерді құру, себебі олар жаңа ферменттік белсен-
ділігіне ие болады. Нəтижесінде алынған микроорганизмдер
бағалы өнімді, мысалы, дəрі препаратты алу үшін пайдаланады.
Қазіргі кезде əртүрлі адам ақуыздардың 400 гені клондалған.




32
Олардың көпшілігі дəрілік препарат саналады. Көптеген фар-


мацевтикалық фирмалар ақуыз препараттарына көңіл аударуда.
Мамандар болжауынша, жылсайынғы əлемдік нарықта адам ақуызы
негізіндегі дəрілік препараттар 150 млрд. долларды құрайды.

3.1.1.1. Антибиотиктерді алу технологиялары 
Өнеркəсіптік жолымен медицинада, ветеринарияда, ауыл
шаруашылығында жəне ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданы-
латын антибиотиктерді алады. Антибиотиктер – микроор-
ганизмерді таңдамалы зақымдайтын немесе жоятын əсер көр-
сететін, табиғи биологиялық, химиялық қосылыс болып табы-
лады. «Антибиотик» терминін 1889 жылы А.Вьюимен ұсынды.
Антибиотиктерге ең бай көзі ретінде өмір сүретін организмдер
топырақта кездеседі. Микроб текті антибиотиктер тағам өнеркə-
сібінде қолданылады жəне инфекциялық ауруларды емдеуде
қажет. Кейбір антибиотиктер тамақ өнеркəсібінде тез бұзылатын
өнімдерге консервант ретінде қолдынылады.
Медицина практикасында қолданылатын антибиотиктер
актиномицеттермен (сəулелі саңырауқұлақтар), зеңді саңырау-
құлақтармен, сонымен қатар кейбір бактериялармен өндіріледі.
Бұл топтың препараттарына синтетикалық аналогтар мен табиғи
антибиотиктердің туындылары да жатады. Антибиотиктерді
зерттеу антибиотикке тұрақты микроорганизмдердің жəне анти-
биотикке тəуелді штамдардың пайда болатынын анықтады.
Сонымен қатар, антибиотиктерді ретсіз пайдалану адамдарда
жəне жануарларда какдидомикозды, стафило- жəне стрептокок-
кты аурулардың пайда болуына жəне асқорытудың бұзылуына
алып келеді. Осы мəліметтерге орай, антибиотиктерді қолдану-
дан шығару туралы пікірлер туды. Бірақ, қазіргі таңда анти-
биотиктерді алмастыратын ешқандай дəрілік препарат жоқ.
Көбіне бактерияларға əсер ететін антибиотиктер келесі топ-
тар түрінде ұсынылған:
• құрылымында β-лактамды сақинасы бар антибиотиктер
(пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер, монобак-
тамдар);
• макролидтер-құрылымында макроциклдік лактонды сақинасы
бар антибиотиктер (эритромицин) жəне азалидтер (азитромицин);




33
• тетрациклиндер – құрылымдық негізі 4 конденсациялық 6


мүшелі циклдан тұратын антибиотиктер (тетрациклин жəне 
т.б.);
• диоксиамино-фенилпропан туындысы (левомицетин);
• аминогликозидтер–молекуласында амин қанттары бар
антибиотиктер (стрептомицин, гентамицин жəне т.б.);
• циклдік полипептидтер тобының антибиотиктері (поли-
миксиндер);
• линкозамидтер (линкомицин, клиндамицин жəне т.б.);
• гликопептидтер (ванкомицин).
Антибиотиктердің əсер ету молекулярлық механизмі 
бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
• бактерияның жасуша қабығына əсер ететін антибиотиктер
(пенициллиндер, цефалоспориндер);
• ақуыз синтезін бұзатын антибиотиктер (тетрациклиндер, 
левомицитин, аминогликозидтер жəне т.б.);
• генетикалық кодтың тəртібін бұзатын антибиотиктер;
• нуклеин қышқылының синтезін бұзатын антибиотиктер
(мысалы, рифампицин);
• цитоплазмалық мембрана өткізгішін бұзатын антибио-
тиктер (мысалы, полимиксиндер).
Антибиотиктерді ұзақ мерзімде қолдану осы препаратқа
тұрақты патогенді организмдердің дамуына алып келеді. Сон-
дықтан антибиотиктердің бір түрін екінші түрімен алмастырып
отыру қажет. Ол үшін антибиотиктердің продуценті болып
табылатын микроорганизмдерді табу керек. Антибиотик-про-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет