60
Клеткалық инженерияны қолданып түпкі тектері алыс
жатқан өсімдіктерді будандастырып асимметриялық будандарды
жəне цитоплазмалық гендері жағынан гетерозиготаларды алуға
болады. Клеткалық инженерия
арқылы өсімдіктердің жаңа
формалар –
сомалық будандар – алынады.
Протопластар –
клетка қабықшасыз жасуша – белгілі жағдайда бірімен-бірі
құйылысып қосылып будан клеткасын түзеді, сол клеткадан
кейін будан өсімдік пайда болады. Протопластарды алу үшін
өсімдік жасушада плазмолиз құбылысты ынталандырып,
жасу-
шаны целлюлозо-пектинді қабықшаны ыдырататын ферменттер-
мен өндейді. Протопластарды қосу арқылы будандастыруды
əртүрлі атайды:
сомалық будандастыру, парасексуальды будан-
дастыру, жыныстық емес будандастыру, ал пайда болған
буданды –
сомалық будан деп атайды. Протопластар құйылыс-
қанда алдымен олар
бір-біріне тоғысып жабысады, оны
агглютинация деп атайды. Содан кейін олардың мембраналары
да қосылып, екі протопластан үлкен бір протопласт пайда болады.
Протопластарды нəтижелі
бөліп алу көптеген факторларға
байланысты, мысалы:
1) ұлпаның шығу тегі (жапырақ, тұқымжарнақ, тамыр, тозаң
түйіршіктері, каллус ұлпасы, суспензиядағы клеткалар);
2) өсімдіктің түрі мен сорты (оның генотипі);
3) өсімдіктің физиологиялық күйі;
4) ферменттердің құрамы жəне олардың сапасы;
5) ортаның рН жəне осмостық заттың түрі.
Протопластардың тіршілікке икемділігін, яғни олардың
метаболиттік белсенділігін анықтайтын арнайы əдіс бар, ол
протопластардың флуоресцеиндиацетатпен (ФДА) боялуы.
ФДА
– бұл флуоресценциясы жоқ қосылыс, протопластардың мембра-
насынан жеңіл өтеді. Тірі протопластардың ішінде фермент
эстеразаның əсерімен
ыдырайды, соның нəтижесінде флуорес-
цеин босайды, оны протопластардың бүтін мембраналары ұстап
қалады. Сондықтан метаболиттік белсенділігі бар (яғни тірші-
лікке қабілетті) протопластар ультракүлгін сəулесінде көзге
көрінеді, себебі іштерінде жинақталған флуоресцеин ультракүл-
гін сəулесімен қоздырылып, жасыл сəулені тарата бастайды.
Протопластардың сыртында теріс электр заряды болады, сон-
дықтан олар суспензияда бір-бірінен оқшауланады. Құйылысу
61
үшін оларды алдымен бір-бірімен жанастыру керек, сондықтан
плазмалемма зарядын өзгерту қажет. Протопластарды құйылы-
суы үшін
химиялық жəне электрлік əдістерді пайдаланылады.
Химиялық əдіс протопластардың құйылысуына жағдай жасай-
тын, плазмалемманың электрлік зарядын өзгертетін заттарды
суспензияға қосуға негізделген.
Электрлік құйылысу əдістің
негізінде электр өрісі пайдаланады. Протопластар суспензиясы
екі электродтың арасында орналасады.
Айнымалы ток
диэлектрофорезді қоздырады, протопластар бір-біріне тақалып
бір қатарға тізіледі. Бұл тізбектер тек электр өрісі болған кезде
тұрады. Оларға қосымша жеке қатты электр импульсін (600
В/см, 10-20 мксек.) бергенде, қатты қысылып тұрған плазмалық
мембраналарда тесіктер пайда болады да,
протопластар бір-
біріне құйылып кетеді. Екі протопласт қосылған кезде, егер
олардың ядролары қосылса, нағыз будан жасуша, яғни
ядролық
Достарыңызбен бөлісу: