Биотехнология негіздері



бет22/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

пестицидтер белсендi ингредиент ретiнде бактериялардың,
вирустардың, саңырауқұлақтардың микроорганизмдерiн құрайды.
Биохимиялық пестицидтер – бұл қоршаған ортаға улағыш
əсерiнсiз ауру қоздырғыштарын туғызушылардың жəне ауыл-
шаруашылық өсiмдiктерi зиянкестерiнiң өсуi мен таралуын
бақылайтын табиғи субстанциялар (феромондар, өсудi реттеуiш-
тер, репродуктивтiк функцияларын реттеуiштер). Биопестицид-
тердiң құнын төмендету мақсатында фермерлiк шаруашылық
жағдайында ферментерлерде өсiруден кейiн кептiрiлген микро-
организмдердi – бактериялар мен саңырауқұлақтарды қолдану
технологиялары əзiрленуде.
Өндірістік биотехнология халық шаруашылығының түрлі
салаларын қамтиды, бұл салаға

биопестицидтерді өндіру өнді-


рістік масштабта жұмыс істеуді керек етеді. Табиғи пестицидтер
ретінде түймедақ пиретрумның экстракты, тұнбасы, ұнтақ
түрінде пайдаланады. Жасыл бұрыш, темекі, сарымсақ т.б.




43
өсімдік ерітінділері колорад қоңызы мен темекі жапырақ-


тарының ауруларынан қорғайды. Теңіз молюска қабыршақтары,
шаян, сауыттары т.б. ұнтақталған түрде топырақтағы зиянды
жəндіктерді жояды. Шаруашылықта микроорганизм дақылдары-
нан өндірілген микробиологиялық препараттар қолданылады.
Ресейде И.И.Мечников бидай қоңызына қарсы инсектицидті
саңырауқұлақ бактеродекцияден жасады, ол тышқан тұқымдас-
тарда тифті туғызады. Бунақденелерге (мысалы, колорад биті
жəне т.б.) үшін патогенді саңырауқұлақтар, бактериялар,
вирустар (Bacillus thurinqiensis, Beaurferia bussiana, Trihoderma 
spp, Verticulum lecanii) – жəндіктерге патогенді əсер етуші
болып табылады. АҚШ-та 1980 жылдың аяғында биоинсекти-
цид ретінде 16 микроорганизм, биогербицид ретінде 2 микро-
организм қолданылады.
Биопестицидтерді, өндірістік микроорганизмдерді, əсіресе,
саңырауқұлақтар, актиномицеттер, бактериялардың фермент-
терін бөліп алып, өндіру арқылы алынады. Өндірістік микро-
организмдер ішінде кең танымал продуценттерге: энтомопато-
гендік бактериялар Bacillus thurinqiensis, Вacillus popilliае, 
Blares tea trispora жатады. Əсіресе, пестицидтік биопрепарат-
тарды өндіруде ең жиі уытты зат (токсин) шығаратын Bacillus 
thuringiensis пайдаланылады. Ол зиянды шыбын шіркейлерге
ұтымды əсер етеді, токсин адам, жануар жəне өсімдіктер үшін
зиянсыз (зиянкестердің 150-ге жуық түрі препараттарға сезімтал
келеді). Өсімдіктерге зиянсыз болғандықтан инсектицидтерді
өсімдіктердің əртүрлі вегетациялық фазаларында қолдануға
болады. Мысалы, триходермин (дəндік дақылдар, кенеп), мақта
өсімдіктерінің ауруларына қарсы Trichoderma саңырауқұлақтың
негізінде жасалған препарат. Биопестицидтер бактоларвицид,
лепидоцид, энтеробактерин, дендробациллин, биотрол, агритрол,
дипел, спореин т.б. ауылшаруашылық өсімдіктерін, жеміс-
жидек дақылдарын қабыршақ қанатты шыбын шіркейлерден (ақ
көбелек, қоңыр көбелек, күйе, жібек құрттарынан, шіркейлерден
жəне масалардан) қорғау үшін қолданылады.
Энтомопатогенді бактериялардың ішінде қарапайым қоректік
орталарда энтомоцидті токсиндер синтездейтін бактериялар
ерекше орын алады, əсіресе, аэробты спора түзуші бактериялар
ерекше қызығушылық тудыруда. Микробтык инсектицидтер




44
өндірісінің негізі болып табылатын Bacillus thuringiensis 


бактериялар энтомоцидті белсенділігі жоғары спецификалық
кристалды токсиндер (18 аминқышқылынан тұратын ақуыздар,
60
0
С температурада ыдырайды) бөліп шығару қасиетімен ерек-
шелінеді. Спора түзілгеннен кейін токсиндер сыртқы ортаға
босайды, кристалдардың көлемі бактерия штамына қарай 1-3
мкм дейін жетеді. Энтомоцидты кристалл токсиндер қабыршақ
қанатты зиянкестерге уытты əсер етеді, себебі көбелек құрттың
ортаңғы ішегінің парализдеуін тудырады, бірақ жылы қанды-
ларға, бал араларға, балықтарға жəне өсімдіктерге зиянсыз
келеді. Bacillus thuringiensis бактерияларының кейбір түрлерінде
кристалды токсиндерден басқа ортаға суда еритін энтомоцидты
заттар бөледі, олардың ішінде термотұрақты токсин (100-120
0
С
ыдырамайды) немесе β-экзотоксин мамандардың ерекше қызы-
ғушылығын тудыруда. Бұл қосылыс төмен молекулалы нуклео-
тидті зат, экзотоксин құрамында туыстығы жағынан жақын А
жəне В турингиензиндер болады. Энтомоцидті жəне термо-
тұрақты қасиетке ие экзотоксин көптеген зиянкестерге өзінің
бірегей таңдағыштық əсер етеді. Энтомоцидті кристалдар мен
басқа да бактериалды токсиндердің əсеріне насекомдардың
имунитеті жəне бейімделуі болмайды. Экзотоксин препараттары
жылы қандыларға, балықтарға жəне өсімдіктерге зиянсыз болып
табылады.
Инсектицидті препараттарды өндіргенде түрлі қоспаларды
(ағу, жабысу, бүрку қасиеттеріне ие) араластырады, олар
бактериалды инсектицидті қолданудың тиімділігін арттырады.
Препараттардың бүрку нормасы зиянкестердің түріне, метеоро-
логиялық жағдайларға, өнделетін өсімдіктің мөлшеріне, бүркуге
тəуелді. Микробтық инсектицидтерді түрлі химиялық қоспалар-
мен қосып пайдалану болашағы зор, себебі олардың энтомо-
цидті əсерлерінде синергизм байқалады, энтомоцидті əсе ету
спекторы ұлғаяды, шығымы азаяды.
Вacillus popilliае бактерияларды жапон қонызының тікелей
құрттарда өсіреді (имаго сатысында). Өлі, кептірілген құрттарды
топыраққа себеді, онда бактериялардың споралары ұзақ уақыт
тіршілігін жоймайды əрі қонызға вирулентті болады. Бұл
бактерияларды насеком организмінде өсіру қиын əрі көп күш
жұмсайтын процесс. Осыған орай, кейінгі жылдары осы




45
бактериялардың табиғаты жеттік зерттеліп, оларды жасанды


қоректік орталарда өсіру əдістерін жасау көзделуде. Химиялық
инсектицидтерге қарағанда бактериалды инсектицидтерден 
жасалған препараттардың сапасы жағымды қасиеттермен:
1) таңдамалы əсерімен;
2) жоғары белсенділігімен:
3) қолдану жиілігінің төмендігімен:
4) өндеу дозасының аздығымен;
5) зиянкестердің препараттарға бейімделмейтіндігімен ерек-
шелінеді. Əйтсе де оларды химиялық инсектицидтермен қосып
пайдалану препараттардың сапасын анағұрлым жоғарылата-
тыны дəлелденген.
Микроб биомассасының биотыңайтқыш, биоинсектицид
ретінде соңғы өнімі болса, бұл өндірістік микроорганизмді жа-
сауда қарапайым болады. Биотыңайтқыштарды азотобактерин,
нитрагин, фосфобактерин, т.б. 1986 жылы Албанияда Ноббе мен
Гильтнер он тоғыз бұршақтылар түрлері үшін түйіндейтін
бактериялар қоспасы бар коммерциялық препарат – нитрагинді
жасап шығарды. Осы күнгі азотобактерин мен нитрагин
тыңайтқыштар ретінде түйіндейтін бактериялар мен азотобак-
териядің биомассасы болып табылады, оларға тұрақтандырғыш-
тарды (меласса мен тиомочевина) жəне толтырушыны (бенто-
нит, топырақ) қосады, топырақты азотпен байыту үшін пайдала-
нылады. Фосфобактерин – фосфордың күрделі органикалық
қосылыстарын қарапайым, жеңіл қорытылатын түрге айнал-
дыратын өсімдіктің биопрепаратына жатады.

Көбінесе, цитрогин


жəне азотты бактериялар препараттары топырақта байланысқан
азотпен байыту үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет