Биотехнология негіздері



бет64/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

Морфогенез in vitro (гр.morphe – түр, қалып, genesis-шығу тегі,
туыс, ор. морфогенез in vitro, ағ. in vitro morphogenesis) - in vitro
жағдайындағы морфогенез, организмнің дамуын қамтамасыз ету үшін
форманың немесе құрылымдардың дамуы, жетілуі.
Мутация (ор.мутация, ағ. mutation) – генетикалық материалдың
кенеттен табиғи немесе жасанды түрде өзгеруі салдарынан, организм-
нің қандай да бір тұқым қуалайтын белгілерінің өзгеруі. Мутацияның:
генеративтік мутациялар (жыныс жасушаларында жүретін), сомалық,
ядролық жəне цитоплазмалық мутациялар сияқты бірнеше түрі бар.
Органогенез in vitro (гр. organon-мүше, genesis-шығу тегі,
ор.органогенез in vitro, ағ. in vitro organogenesis) - ұлпаларды жасанды
қоректік ортада өсіргенде бұрынғы бар тамыр, бүршіктерден жəне
бастауыш (инициаль) жасушалардан емес, жаңадан мүшелердің түзілуі.
Өсіру циклі  (гр. kyklos- дөңгелек, шеңбер, ор.цикл выращивания, ағ.
growth cycle) – трансплантты немесе сұйық қоректік ортада өскен жасуша-
лардың бөлігін (инокулюмды) жаңа қоректік ортаға отырғызғаннан бастап
келесі жаңа қоректік ортаға ауыстырғанға дейінгі өсу кезеңі.




115
Плазмида (ор.плазмида, ағ.plasmid) – бактерияларда хромосомадан


бөлек кездесетін, өздегінен репликациялана алатын, кішігірім сақина
тəрізді ДНҚ молекуласы.
Пролиферация (лат.proles – бұын, ұрпақ,fero-алып жүремін),
ор.пролиферация, ағ.proliferation – бастапқы бар клеткалардың көбеюі
арқылы жасушалар мен ұлпалардың жаңадан пайда болуы.
Протопласт (гр.protos–бірінші, алғашқы, plastos - жасалған, ор.
протопласт, ағ.protoplast) – өсімдік жасушасы ішіндегі заттардың
жалпы атауы; ферменттердің əсері немесе механикалық əдістермен
қабығы түгел жойылған өсімдік жасушасы.
Регенерант (лат.regeneratio-жаңғыру, қайта басталу, ор. регенерант,
ағ. regenerated plant) – in vitro жағдайында қоректік ортада өсімдік
жасушалары мен ұлпаларын өсіргенде пайда болған өсімдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет