Биотехнология негіздері



бет63/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

Клеткалық селекция (лат. selectio-таңдау, сұрыптау, ор. клеточ-
ная селекция, ағ. cell selection) – сұрыптаушы қоректік ортаны қолданып
мутант жасушалар мен сомаклондық варианттарын бөліп алу əдісі
Жасушалардың кері немесе негативтік селекциясы (ор. непрямая
или негативная селекция клеток, ағ. negative selection) – белгілі бір




114
жағдайлар жасап сұрыптау. Бұндай жағдайда жасушалардың жабайы


типтері ғана бөлінеді де, біраздан кейін өліп қалады, ал керек қасиет-
тері бар мутант жасушалар бұл ортада өспейді, бірақ тірі қалады.
Жасушалардың тура селекциясы (ор. прямая селекция клеток,
ағ. straight selectioп) - жасушаларды тежегіштердің (ингибитор)
қатысуында өсіріп, бұзылған метаболизмді қалпына келтіре алатын-
дарын, яғни мутанттарды сұрыптау.
Клон (гр. clon –ұрпақ, бұтақ, ор.клон, ағ. clone – қоректік ортада
жалғыз бір жасуша дан көбейген жасушалар.
Клондау (ор. клонирование, ағ. cloning) – құрамында трансформа-
ция жолымен енгізілген ДНҚ-ы молекуласы бар, бактериялық
жасушаларды агарға сеуіп, ДНҚ молекулалары қоспасын бөлу. Бір
бактериялық колонияны бір клетканың ұрпағы деп түсіну керек, оның
барлық жасушалары құрамында бір типті рекомбинанттық ДНҚ
молекуласы бар.
Криопротектор (гр.kryos – суық, аяз, мұз, лат.protector –
қорғаушы, ор. криопротектор, ағ.cryoprotectant) – жасушаның мұздап
қату нүктесін төмендетіп, жасуша ішіндегі сумен байланысып,
жасушаны механикалық жəне осмостық бүлінуінен қорғайтын зат.
Моноклондық антиденелер (ор. моноклональные антитела,
ағ.monoclonal antibodies) – бір эпитопқа (антигендік детерминанта)
қатынасты қатаң арнайы біртипті антиденелер. Қалыпты антидене
түзеуші жасушалармен шексіз өсуге қабілетті миеломдық ісіктік
жасушалармен біріккенде гибридомалармен синтезделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет