Биотехнология негіздері


Жасушаларды ағынды-ағынсыз жүйеде өсіру



бет62/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

Жасушаларды ағынды-ағынсыз жүйеде өсіру (ор. полупроточная
система культивирования клеток, ағ. continuous half-flow cell
cultivation) - сұйық қоректік ортада өскен жасушалар суспензиясының
бір бөлігі оқтын-оқтын алынып, оның орнына нақ сондай мөлшерде
жаңа қоректік орта құйылып тұрады.
Жасушаларды ағынды ашық жүйеде өсіру (ор.открытая
проточная система культивирования клеток, ағ.open continuous - flow
cell cultivation) - үздіксіз ағып кіріп тұрған жаңа қоректік орта мен
төгіліп сыртқа ағып шыққан жасушалар суспензиясының қарқынының
(көлемдерінің) тең болуы.
Жасушаларды турбидостатта өсіру (лат. turbo –құйын, шыр
айналу, ор. культивирование клеток в режиме турбидостата) –
фотоэлементті қолданып биомасса концентрациясын тікелей бақылау
арқылы, жасушаларды сыртқы жағдайдан ешқандай шектеусіз, үздіксіз
өсіру.
Жасушаларды хемостатта өсіру (гр.chemia – химия, ор. культи-
вирование клеток в режиме хемостата, ағ.chemostat) – құрамында өсуді
тежейтін концентрациясы белгілі компоненті бар жаңа қоректік орта
тұрақты жылдамдықпен биореакторға құйылып түсіп тұрады да,
сондай жылдамдықпен өскен жасушалар суспензиясы алынып отырады.
Жасушаларды жаңа қоректік ортаға көшіру (пассаж) 
(фр.passage-егу), ор.субкультивирвоание, пассаж, пассирование, ағ.
subculture) – жасушаларды жаңадан дайындаған қоректік ортасы бар
шыны ыдысқа ауыстырып отырғызу.
Жасушаларды мұздатып сақтау (ор. криосохранение клеток, ағ.
cryopreservation) – мұздатып алып, өте төмен температурада сақтау,
мысалы, сұйық азотта -196
0
С температурада.
Клеткалық инженерия (ор. клеточная инженерия, ағ. cell
engineering) – қайта құрастыру, будандастыру негізінде клетканың
жаңа типін жасау əдісі. Жасушаларды жасанды жолдармен будандас-
тырғанда, сомалық (жыныстық емес) жасуша ларды бір-біріне қосқанда
будан геномы түзіледі. Ал жасуша ларды қайта құрастырғанда жасу-
шаның құрамына кіретін ядроны, цитоплазманы, митохондрияларды,
хлоропластарды, хромосомаларды əртүрлі жасушалардан алып жаңа
жасушаны жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет