Биотехнология негіздері


In vitro (лат. in vitro - шыныда)- шыныда, жасанды жағдайда. In vivo



бет61/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

In vitro (лат. in vitro - шыныда)- шыныда, жасанды жағдайда.
In vivo (лат.in vivo - тірі организмнің құрамында) - тіршілік
иесінде, оның құрамында, бөлінбеген күйде.
Каллус (лат. callus - қалын тері, ор. каллус, ағ. callus – ұлпа,
өсімдік жасуша ларының ретсіз бөлінуінің нəтижесінде пайда болады.
Клеткалық циклі (гр.kyklos - дөңгелек, шеңбер, ор. клеточный
цикл, ағ. cell cycle) – клетканың бір бөлінуінен екінші рет бөлінуіне
дейінгі клеткада жүретін тіршілік процестердің жүйесі, ол митоздан
(мейоздан) жəне интерфазадан (G1, S, G2) тұрады.
Өсімдік жасушаларын өсіру (ор.культура клеток растений,
ағ.plant cell culture) - өсімдіктердің жасушаларын, ұлпаларын жəне
мүшелерін өсіру.
Клеткалар суспензиясы (лат. suspension-асып қою, ор.
суспензионная культура клеток, ағ. suspension cell culture) – жеке
жасушаларды немесе кішігірім жасушалар топтарын аппаратура
арқылы ауамен қамтамасыз етіп жəне араластыра отырып, сұйық
қоректік ортада өсіру.
Жасушаларды қорландырып (мерзімді) өсіру (ор. накопительное
(периодическое) культивирование, ағ. accumulation (batch) cell
cultivation) – жасушалар суспензиясын жабық ыдыста бастапқы
құйылған қоректік ортасы жаңартылмай өсіру.
Жасушаларды үзіліссіз өсіру (ор. непрерывное культивирование,
ағ. continuous - flow cell cultivation) – жасушаларды сұйық қоректік
ортаның үзілмей беріліп тұратын ағынында өсіру.
Жасушаларды ағынды жабық жүйеде өсіру (ор.закрытая
проточная система культивирования, ағ. closed continuous - flow cell
cultivation) – жасушалар өсетін сұйық орта үздіксіз жаңа қоректік
ортамен қамтамасыз етіліп тұрады, сұйық ортаның кіріп құйылу
қарқыны мен оның төгіліп сыртқа шығу қарқыны бірдей болады.




113




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет